Приветствую Вас, Гость 22.10.2017, 07:45

Қала тарихының залы XVIII ғасыр туралы сыр шертеді. Павлодар қаласының шығуына тұз өндірісі мен сауда-саттықтың дамуы ықпал жасады. Келушілер назарына тұз үлгілері, тұз өндірушінің аяқ киімі мен ершік ұсынылады. Көмір қазбаларын алғашқы болып тапқан Қосым Пішембаев туралы құжаттар мен фотосуреттер көрсетілген.

Коряков станицасын Павлодар қаласына ауыстыру жөнінде жарғы және тарих бойынша басқа да материалдар бар.

Қала тарихының залына келушілер XIX ғасыр аяғы - XX ғасыр басындағы көпес үйлерінің көрінісін тамашалайды. Ламбер үстелі, венеция айнасы, граммофон, қабырға сағаты - XIX ғасырдың экспозициясын суреттейді.

Copyright by SW, Бесплатный хостинг uCoz