Приветствую Вас, Гость 22.10.2017, 18:53

Археология залы ежелгі адамдардың қалыптасуы және алғашқы көшпелі мемлекеттердің пайда болуы жайында сыр шертеді. Экспозиция, ғылымда палеолит немесе ерте тас ғасыры деп аталатын ежелгі дүниеден басталады. Экспозицияда ежелгі адамдардың еңбек құралдары, 3 мың жыл бұрын Павлодар облысының Ертіс жағалауын мекен еткен, энеолит кезеңінде өмір сүрген адамның пластикалық реконструкциясы жасалып қойылған. Көрмеге қойылған қола дәуірінің еңбек құралдары мен алтын, қоладан жасалған әшекей бұйымдары, дән үккіштер, қыш құмыралар, мал шаруашылығы және егін шаруашылығымен айналысқан андрон тайпаларының шаруашылығы мен рухани өмірі жайында сыр шертеді. Ежелгі темір ғасырына арналған экспозицияда тасмола мәдениетінің соғыс құралдары, алтыннан жасалға әшекейбұйымдар, жылқының құрал-саймандары қойылған. Соғыс құралдары, тас мүсіндер ежелгі түрік және қыпшақтайпаларының материалдық мәдениетінің белгісі.

Ежелгі түріктердің және қыпшақтардың материалдық мәдениетін Павлодар облысының Баянауыл ауданынан табылған ер және әйел тас мүсіндері, сонымен қатар қимақтардың ат-әбзелдері мен қару-жарақтары бейнелейді.

Copyright by SW, Бесплатный хостинг uCoz