Приветствую Вас, Гость 22.10.2017, 07:45

2.4. Жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясы

Екі жыл ішінде дағдарысқа қарсы «Жол картасы» шеңберінде біз халықты еңбекпен қамтамасыз етіп, жұмыссыз¬дық¬ты азайттық және қалаларымыз бен селоларымыздағы инфрақұрылым¬дар¬ды жақсарттық.

Бұл бағдарламалар қазақстан¬дық¬тар¬дың кең қолдауы мен разылығына ие болды.

Бүгінде жаңа экономика білікті кадрлардың жаңа генерациясын талап ететін болғандықтан еңбек рыногының тиімділігін арттыру қажет.

Өзін өзі еңбекпен қамтып отырған тұрғындар – біздің экономикамыздың зор кадрлар резерві.

Жаңа кәсіпорындарды біз оларда қазақстандықтардың жұмыс істеуі үшін салып жатырмыз.

Олар оған дайындалуы керек. Жаңа мамандықтарға үйренулері қажет.

Үкіметке облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері¬мен бірлесіп, 2011 жылдың 1 мамы¬ры¬на дейін халықты еңбекпен қамту жө¬нінен қағидатты түрде жаңа бағ¬дарлама әзірлеуді тапсырамын.

Үкімет бизнес-қауымдастықпен бір¬лесіп индустриялық нысандарда жұмыс істегісі келетіндер үшін тегін кәсіптік оқу ұсынуы керек.

Әрбір қазақстандықтың елді ауқым¬ды индустрияландыруға қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет.

Кезінде мен дағдарысқа қарсы «Жол картасы» бағдарламасы әрбір қазақ¬стандықтың отбасына дейін жететін болсын деген міндет қойдым.

Ол табысты жүзеге асырылды.

Осы тәжірибені пайдалана отырып, қазіргі уақытта жұмысты индустрия¬лан¬дыру шынымен де бүкілхалық¬тық сипат алып, әрбір қазақстан¬дық¬тың ісі болатындай етіп құру қажет.

Өз өмірлерін ауылмен байланыс¬тарғандар үшін Үкімет жергілікті билік органдарымен бірлесіп, селолық кәсіпкерлікті дамыту жөнінен шаралар кешенін әзірлеуге тиіс.

Өткен жылы селолық аумақтарды дамыту бағдарламасы аяқталды.

Енді бұл жұмыстар Елдің 2020 жыл¬ға дейінгі аумақтық-кеңістіктік дамуы¬ның болжамдық схемасы шеңберінде одан әрі жалғасатын болады.

Даму әлеуеті жоғары елді мекен¬дерде селолық инфрақұрылымдар да¬мы¬тылып, суаратын суларға, ми¬кро¬не¬сиелеу бағдарламалары мен табиғи грант¬тарға қолжетімділік кеңейтіліп, кәсіпкерлік дағдыларына үйрету ұйымдастырылады.

Қазірдің өзінде микронесиелік ұй¬ымдар қызметінің құқықтық негізі бар.

Бүгінде рыноктағы олардың саны бір мың екі жүздей және олар халыққа сомасы 16 миллиард теңге болатын 110 мың несиелер берді.

Дегенмен, олар негізінен айтарлық¬тай жоғары мөлшерлемемен тұтыну¬шылық мақсаттарға жұмсалуда.

Ахуалды өзгертіп, тұтынуға емес, ең¬бекпен қамту жағына басымдық беру керек.

Сондықтан Үкіметке қаржы реттеушілермен бірігіп, шұғыл түрде тиісті заң жобасы мен кешенді шаралар жасауды тапсырамын.

Үстіміздегі жылы қосымша 3 миллиард теңге қарастырылсын.

2012-2015 жылдары бұл қаржылан¬ды¬ру жыл сайын 10-15 миллиард тең¬геге көбейтілсін.

Мемлекеттік желі бойынша берілген микронесиелердің барлық 100 пайызы тек өз ісін ұйымдастыруға ғана жұмсалуы тиіс.

Жоғарыда айтылған мал шаруа¬шы¬лығын дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру ондаған мың ауыл тұр¬ғын¬да¬рына жұмыс тауып береді.

Сондықтан атқарушы биліктің бар¬лық деңгейлері мен «Нұр Отан» пар¬тиясынан үлкен түсіндіру жұмыстары талап етіледі.

Үкіметке алдағы жылдан моти¬ва¬ция¬лы ақшалай төлемдерге көшуді тап¬сырамын.

Басты мәселе – масылдықты еңсеру.

Жұмыссызға жұмыссыз болғаны үшін емес, мамандық алу үшін грант берілетін болады.

Кедейшілік проблемаларын мемлекеттік жәрдемақы есебінен жұмсарту емес, шешу керек.

Мемлекет тек объективті тұр¬ғы¬дан еңбекке қабілетсіздер мен аз қам¬тамасыз етілгендерге ғана көмек¬тесетін болады.

2.5. ТКШ-ны жаңғырту

Азаматтардың өмір сапасының озық көрсеткіші – тұрғын үй жайлылы¬ғы¬ның деңгейі.

Соңғы 10 жылда тұрғын үй қоры 30 мил¬лион шаршы метрге ұлғайды.

Бұл бүгінде бір миллионнан астам азамат жаңа пәтерлерде тұрады дегенді білдіреді.

Бұл – біздің тұрғын үй саясаты¬мыз¬дың маңызды нәтижесі.

Көптеген жылдар бойы коммуналды сектор қалған-құтқанды бөлу қағидаты бойынша қаржыландырылып келді. Со¬ның салдарынан 2008 жылға қарай ком¬муникациялардың 72 пайызы жөндеуді немесе ауыстыруды қажетсінді.

«Жол картасы» аясында біз 2009 және 2010 жылдары ТКШ нысандарын жөндеу бойынша үлкен жұмыс жүр¬гіздік.

Бұл жұмысты жалғастыру қажет.

Сумен, жылумен, электр және газбен қамтамасыз ету жүйелеріне кең ауқымды жаңғырту жүргізіп, сондай-ақ тұрғын үй қатынасының оңтайлы моделін құруды қамтамасыз ету қажет.

Күрделі жөндеуді қажет ететін ны¬сан¬дардың үлесі 32 пайыздан 2015 жылға қарай 22 пайызға төмендеуі тиіс.

Жаңғыртылған жүйелердің ұзын¬ды¬ғы 2015 жылға қарай ел бойынша тұ¬тастай алғанда 31 мыңнан астам ша¬қырымды құрайтын болады.

Мемлекет халықаралық қаржы инс¬ти¬туттары мен біздің банктерімізді тарта отырып, жеке инвесторларға, кәсіп¬орындар мен азаматтарға тұрғын үйлер мен коммуналдық нысандарды жөндеу және реконструкциялау үшін қаржы¬ландырудың бірлескен арнайы тетіктерін ұсынады.

ТКШ-ны жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру жыл сайын 10 мыңға жу¬ық жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Тұтастай алғанда, оны жүзеге асы¬руға 1,5 миллион адам – көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындары қатысады.

Үкіметке ортақ мүлікті жөндеу мен қалпына келтіруге қаржы жинақтауды ынталандыру мен қосыла қаржылан¬дырудың тетігін жасауды тап¬сыра¬мын.

Біз тек осылай еткенде ғана тұрғын үй жағдайын жақсартып, азаматтардың өз мүлкін сақтауға жауапкершілігін жоғарылата аламыз.

2.6. Сапалы ауыз су

Қазақстандықтарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері – ха¬лық¬тың денсаулығын жақсартудың аса маңызды міндеті, сондықтан бұл біздің басымдығымыз болады.

Сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жұмыс 8 жыл бұрын бас¬тал¬ған болатын және оның оң нәти¬желері бар.

Орталықтандырылған сумен қам¬та¬ма¬сыз етуге қолжетімділік ауылды елді мекендерде 41 пайызға дейін, қала¬лар¬да 72 пайызға дейін өсті.

Тасымалы суды пайдаланатын адамдар саны 4 есе азайды.

Сонымен бірге, сумен қамтамасыз ету жүйелерін жақсартуды қажет ететін ауылдар да әлі аз емес.

Қалалардағы сумен қамтамасыз ету жүйелерінің 60 пайызының тозығы жет¬кен.

Орташа алғанда республика бойын¬ша ауыз суға қолжетімділік деңгейі 2020 жылға қарай 98 пайызды құрауы тиіс, ал судың сапасы белгіленген бар¬лық сани¬тарлық нормаларға сай болуы керек.

Үкіметке жеке капиталды су ша¬руашылығы секторына барынша молы¬нан тарту үшін ынталандырудың тиімді жолдарын қарастыруды тап¬сыра¬мын.

Жерасты суларының әлеуетін кеңі¬нен пайдаланып, сумен қамтамасыз ету¬дің жаңа нысандарын салу кезінде жүйелі қадамдар жасау керек.

2020 жылға қарай сумен қамтама¬сыз етудің орталық желісіне қолжетім¬ділік қалаларда 100 пайызды құрауы тиіс.

Ал ауылды жерлерде екі есе артып, 80 пайызға дейін жетуі қажет.

2.7. Табыстардың артуы – өмірдің жаңа сапасы

Құрметті қазақстандықтар!

Үстіміздегі жылы біз зейнетақылар мен стипендиялар көлемін, бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақыларын 30 пайызға өсіреміз.

Екі жыл қатарынан біз оларды 25 пайызға ұлғайтып келдік.

«Нұр Отан» партиясының Халық¬тық тұғырнамасында жоспар¬лан¬ға¬нын¬дай, 2012 жылға қарай зейнет¬ақы¬лар¬дың, бюджеттік ұйымдар еңбекақы¬лары¬ның және стипендиялардың орташа көлемі 2008 жылмен салыстыр¬ғанда 2 есе өседі.

Біз бұған уәде бердік, біз мұны орындадық.

Менің тапсырмам бойынша үш жылдық бюджетте сіздерге айтқан индустриялық-инновациялық, сондай-ақ әлеуметтік бағдарламаларды қар¬жы¬лай қамтамасыз ету қарас¬тырылған.

Енді барлығы Үкімет пен жергілікті билік органдарының бұл міндеттерді қалай орындайтынына, бұл жұмыстың қалай ұйымдасты¬рыла¬тынына байланысты болмақ.

Бұл – таяудағы онжылдықта жа¬салуы тиіс жұмыстың ең аз деген мөлшері.

Біз бұл жоспарларды артығымен орындауға ұмтылуға тиіспіз.

Онжылдықтың басты әлеуметтік мақсаты, міне, осында.

Қымбатты қазақстандықтар!

Менің Жарлығыммен 2011 жыл Тәуелсіздіктің 20 жылдығы деп жарияланды.

Мемлекеттік комиссия құрылып, шараның Жалпыұлттық жоспары бекітілді.

Бұл – жалпыхалықтық іс.

Үкіметке оны жүзеге асыруда ин¬весторлардың, бизнес-қауымдастық¬тары¬ның, қазақстандықтардың күшін біріктіруді тапсырамын.

«БЕЙБІТШІЛІК ПЕН ЖАСАМ¬ПАЗ¬ДЫҚТЫҢ 20 ЖЫЛЫ» – біздің мерейтойымыздың ұраны осы.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан жолының – БОСТАНДЫҚ, БІРЛІК, ТҰ¬РАҚТЫЛЫҚ, ӨРКЕНДЕУ секілді ар¬қау¬лық құндылықтары қалыптас¬ты¬рыл¬ды.

Қымбатты қазақстандықтар!

Құрметті депутаттар!

Мен үшін және бәріміз үшін Пре¬зиденттің өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту бойынша референдум өткізу ту¬ралы жалпыхалықтық бастамаға бай¬ла¬нысты әжептәуір саяси коллизия қалыптасып отыр.

Мен референдумды қолдап, өзде¬рі¬нің қолдарын қойған барлық қазақ¬стан¬дықтарға, сондай-ақ акция бас¬та¬машыларына шынайы ризашылы¬ғым¬ды білдіремін.

Халықтың еркін білдіруі толқы¬нын¬да қаңтардың ортасына қарай Орталық сайлау комиссиясы 5 миллионнан астам адамның қол қойғанын жа¬риялады.

Санаулы күндер ішінде референдум туралы бастама іс жүзінде бүкіл¬ха¬лықтық қозғалысқа айналды.

Осы акция барысында «Нұр Отан» партиясы демократиялық күштердің «Қазақстан-2020» қоғамдық коали¬ция¬сын құрды.

Халықтық бастама қазақстандық¬тардың өшпейтін азаматтық белсенділігін көрсетті.

Ол елдің саяси, интеллектуалдық өмірін белсенділендірді.

Бұл даму мен прогрестің үлкен әлеуеті барлығын айғақтап берді.

Сіздер осы мәселе бойынша бар¬лық жағдаяттарды жақсы білесіздер.

Мен өзімнің Жарлығыммен Парла¬менттің референдум өткізу туралы ұсы¬¬¬нысын қабылдамай тастадым. Өйт¬¬кені, 2012 жылғы президенттік сай¬лауға қатысуға дайындалып жүрген едім.

Парламент, өзінің конституциялық өкілеттігін пайдаланып, Конституция¬ға өзгеріс енгізу туралы Заң қабыл¬дады.

Мен заңды Конституциялық Ке¬ңес¬ке жолдадым, ол оның конститу¬ция¬лығын айқындауы тиіс.

Тек осыдан кейін шешім қабыл¬данатын болады.

Ол Конституция мен біздің заң¬дары¬мызға сәйкес келуі және халқы¬мыздың ұзақ мерзімді мүддесін ескеруі тиіс.

Қалай болғанда да, халықтың еркі – бәрінен жоғары.

Солай дей тұра, мен сыртқы саясатта біз бүкіл әлемдегі инвесторларға, бизнес-қауымдастықтарға міндет¬те¬ме¬ле¬ріміздің тұрақтылығын қамтамасыз ететіндігімізді мәлімдеймін.

Біздің саясатымыз барлық әріп¬тес¬теріміздің үміттері мен күткендеріне сәй¬кесетін болады.

Қазақстан Ресей, Қазақстан және Беларусь Кедендік одағын жедел де тиімді дамыту ұстанымында қалады.

Біз ТМД елдерімен ынтымақтас¬ты¬ғымызды дамытатын боламыз.

Біз еуропалық әріптестерімізге бірлесіп, көпжақты немесе екіжақты пішінде «Қазақстан – ЕО:2020» энер¬ге¬тикалық хартиясын жасап, қабыл¬дауды ұсынамыз.

Бұл Еуропа рыногына энергия ре¬сурстарын жеткізу, тұрба құбыры жүйесін дамыту тұрақтылығына кепілдікті қамтамасыз етеді.

Біз осы жылы Алматыда Ауғанстан бойынша арнайы донорлық конференция өткізуге бастамашылық таныт¬пақпыз.

Бұдан бұрын мен Каспийдегі тұ¬рақ¬тылық пактісін қабылдау идеясын ұсынғанмын.

Бұл халықаралық құжат Орталық Азия мен Кавказдың барлық кең байтақ өңірінде тұрақтылықтың берік іргета¬сын қалай алады.

Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалығы шең¬берінде бастаған жанжалдарды реттеу жөніндегі жұмысын жалғастырады.

Біз жаһандық ядролық қауіпсіздік саласында көшбасшы болып қалып отырмыз.

Қазақстан БҰҰ-ға Жалпыға ортақ ядросыз әлем декларациясын қабыл¬дау¬ды ұсынады.

Сондай-ақ Қырғызстанға көмек¬тің мемлекетаралық бағдарламасын жасап, қабылдау маңызды деп са¬най¬мын.

Үстіміздегі жылы Қазақстан Ислам Конференциясы Ұйымына жетекшілік етеді.

Біз Батыс пен Ислам әлемі үн¬қа¬ты¬суын нығайту бойынша бастама көтердік.

ИКҰ-ға төрағалық Қазақстанның сыртқы саясатының азиялық век¬то¬рын күшейтуі тиіс.

Үстіміздегі жылдың шілдесінде Аста¬нада Шанхай ынтымақтастық ұйы¬мының мерейтойлық саммиті өтеді.

ШЫҰ біздің белсенді қаты¬суы¬мыз¬бен құрылған болатын және біз оның нығаюы үшін барлық қажетті нәрсені жасауға тиіспіз.

Мұның барлығы Қазақстанның өңір¬лік және жаһандық тұрақ¬ты¬лық¬ты нығайтуға қосқан маңызды үлесі болады.

Қадірлі қауым!

Қымбатты қазақстандықтар!

Таяуда Елбасы өкілеттігін ұзарту үшін бүкілхалықтық референдум өт¬кізу туралы бастама көтерілгенін бар¬ша¬ңыз білесіздер.

Бастамаға үкіметтік емес ұйымдар мен жекелеген азаматтар, зиялы қауым өкілдері мен Парламент депутаттары қолдау білдіруде.

Мен елдің бұл ыстық ықыласын тәуел¬сіздікті нығайту, мемлекетті ор¬нық¬тыру ісіне берген бағасы деп білемін.

Отанды қалтқысыз сүю – оның суы¬ғына шыдап, ыстығына күюді талап етеді.

Менің ғұмырым ел тағдырымен еншілес.

Маған Сират көпіріндей қылпылда¬ған кезеңде тәуелсіздік алып, мемлекет құру ісі сеніп тапсырылды.

Сондықтан, мен сенімге серт беріп, бар жауапкершілікті мойныма алдым.

Күрмеуі қиын түрлі тағдырлы шешімдерді жүрегімнен өткізіп қабыл¬дадым.

Мен 20 жылдан бері бар күш-жіге¬рім мен білік, тәжірибемді аямай, хал¬қыма қалтқысыз қызмет етіп келемін.

Осы жылдары мәртебемізді көтеріп, мерейімізді асырған барша жетістіктеріміз – біздің ортақ табысымыз.

Сондықтан, бастамашы азаматтар мен тілекші болған барша қазақстан¬дықтарға ризашылық білдіремін!

Мен үшін қашанда мемлекет мүд¬десі мен ел игілігі жолында қызмет атқарудан артық бақыт болған емес.

Алдымызда атқарылар қыруар істер бар.

Бұл жолда біздің ең басты бай¬лығымыз – берекелі бірлігіміз.

Мен ауызбіршіліктен айнымайтын ақжүрек жұртымның қуатты ұлтқа, шуақты ұлысқа айналарына кәміл сенемін.

Халқымызда «Бақ берерде елге ырыс қонады, ұстанған жолы дұрыс болады» деген даналық сөз бар.

Біз бүгінгі Жолдау арқылы мерейлі белестегі атқарған істерімізді қорытын¬дылап, болашаққа бағдар жасадық.

Баршаңызға ел игілігі, мемлекет мүд¬десі жолындағы абыройлы істерде мол табыс тілеймін!

Мерекелі күндерге жеткізген берекелі тірлігіміз баянды болсын, ағайын!

Назарларыңызға рахмет.


Басталу
Copyright by SW, Бесплатный хостинг uCoz