Приветствую Вас, Гость 17.08.2017, 12:44

Қазіргі табиғат залында тау жыныстары мен рудаларың, минералдар мен құрылыс материалдарының коллекциялары көрсетілген.Пайдалы қазбалар саны мен әртүрлілігі жағынан Павлодар облысы Қазақстанда алдыңғы орындардың бірінде.

Павлодар облысы Қазақстанның солтүстік-шығысында Ертіс өзенінің орталық ағыс жағалауында орналасқан. Өзінің табиғи көркемдігімен, жергілікті өсімдігімен, гранит қатпарлы тауларымен Баянауыл жері ерекше көз тартады. Облыстың басты су магистралі Ертіс өзені 770 шақырым қашықтықта ағып өтеді. Экспозицияда өлкеміздің табиғи байлықтары көрсетілген. Біздің облыс табиғи байлықтардың әр алуандылығымен және сан жағынан Қазақстан бойынша алдыңғы қатарлардан орын алады.

Павлодар облысының жері негізінен жазықты және орманды аймақтарға жатады. Ландшафтың өсімдіктері мен жануарлар дүниесі алуан түрлі болып келеді. Облыс территориясында 40-тан астам сүтқоректі жануарлар мекен етеді. Олар негізінен кеміргіштер: саршұнақ, суыр, борсық, су тышқаны.

Далалы-орманды алқаптарды мекендейтін ірі жануарлардың бірі сымбатты, сұлу жаудыр көзді елік.

Табиғаттың ең көрікті аймағы Баянауыл таулы өлкесі. Бұлақтар мен шағын өзендер маңында, қарақанды – ағаш тоғайларда ақ-тышқан, тиін, сілеусін сияқты аңдарды кездестіруге болады. Баянауыл жерінде Қызыл кітапқа кіргізілген қыран-бүркіт, арқар мекен етеді. Ал өзен көдерінде қаз, тырна, аққу, құтан, бөдене сияқты құстар көп кездеседі.

Copyright by SW, Бесплатный хостинг uCoz