Приветствую Вас, Гость 23.11.2017, 03:20

Д.П.Багаев атындағы мұражай-үй 2001 жылдың 30 қаңтарында ашылған болатын. Бұл үйде 1910 – 1958 ж.ж. Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің іргетасын қалаған, фотосуретші, шежіреші Дмитрий Поликарпович Багаев өмір сүріп, қызмет етті.

Д.П.Багаев 1884 ж. 5 қыркүйекте Вятка губерниясы, Туманы деревнясында шаруа жанұясында дүниеге келді. 15 жасында Павлодарға келген ол, осында ғұмыр бойы тұрақтап қалды. Көпес Деровтың Воскресен тау-кен өнеркәсібінде курьер бола жүріп, фотоаппаратты алғаш көрген ол, фотограф болуға шешім қабылдайды. Омбы қаласында белгілі фотограф В.Коркиннен екі жылдай суретке түсірудің қыр-сырын үйренді. 1905ж. Павлодарға қайтып келіп, қалада алғашқы фотосалон ашады. Оның барлық ғұмыры және фотосуретшілік шығармашылығы осы үйде (1905-1958жж.) өтеді.

Музей ғимараты ХІХ ғ.аяғындағы мещандық тұрмыстың тарихи және архитектуралық ескерткіші болып табылды. Бұл Павлодарда бір ғана мемориалды музей және Қазақстан Республикасындағы фотограф - өлкетанушының рухына арналған жалғыз музей болып табылады.

Музей экспозициясы үш бөлме – залдарында орналасқан, үйге шебер, ХХ ғ басында бірегей фотопавильонды орнықтырды. Қорық усадьба бар. Шебердін заттары, фотоаппаратурасы және 50 жылға созылған фото шығармашылығы экспозицияда көрсетілген.

Сонымен бірге заманауи фотосуретшілердің шығармашылықтарына қатысты көрмелер кезекпен ұйымдастырылады. Басқа музейлермен мәдени байланыстар жолға қойылды.

Copyright by SW, Бесплатный хостинг uCoz