Приветствую Вас, Гость 22.10.2017, 18:46

Келесі экспозициялық залда түркі тілдес халықтар ойлап тапқан, тез жығып, шапшаң тігуге ыңғайлы аппақ киіз үй келушілердің ерекше назарында. Киіз үйдің ішкі жабдықтары ретінде қолөнер шеберлерінің жасаған жиһаздары орын алады. Олар: жүк аяқ, төсекағаш, асадал, адалбақан. Бұл заттар ықшамды, жеңіл, алып жүруге ыңғайла болып келеді.

Көшпелі қазақ тұрмысында мал терісін өңдеп, одан тұрмысқа қажетті заттар жасау аса маңызды кәсіп болып табылған. Теріден сусын құятын ыдыс - торсық, жарғақ сияқты сыртқы киім, белбеулер жасалды. Келушілер ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында жасалған қазақтың ұлттық киімдерін тамашалай алады. Қазақтың музыкалық мәдениеті - халықтың өмір серігі, өмірдегі қуанышы мен ренішін бірге бөлісетін таусылмас қазынасы. Музей экспозициясында шеберіміз Ш.Рақышевтың жасаған ұлттық аспаптары қойылған.

Copyright by SW, Бесплатный хостинг uCoz