Приветствую Вас, Гость 25.06.2017, 03:30

Майра Уәлиқызы атындағы ән-өнер мұражай үйi 2001 жылдың 30 қаңтар айында ашылды. Бұл 1900 жылы салынған белгiлi көпес Абдул-Фаттах Рамазовтың үйі.

Қазiр архитектуралық ескерткiш ретiнде айтылады. Кереку өңірі өзінің сұлу табиғатымен, дарындарымен әйгiлi Қазақстанның ең бiр көрнектi жерiнен орын алып тұр. Сол дарындарының бiрi Ертiстiң ерке сұлу әншiсi Майра Уәлиқызы Шамсутдинова 1890 жылы дүниеге келген. Атақты әншi сазгер өзiнiң сахналық өмiрiн ерте бастайды. Тоғыз жасынан сырнайда тартып үйренсе, он үш жасынан әншiлiк өнерге ден қойған. Майраның дарынды даралығы әншiлiгi, сазгерлiгi, орындау қабiлеттiлiгi кәсiби дәрежесiне жеткен. Табиғи сирек кездесетiн қоңыр дауысты, диапазон жағынан “контральто” болған. Қазақтың жерiне еңбегi сiңген белгiлi этнограф А.В. Затаевич “1000 және 500” өлеңдер жинағының авторы Майраның 14 өлеңiн жазып алған. 1931 жылы ән жинағы жарыққа шығады.

Музей екi көрме залынан тұрады, бiрiншi залдағы экспозиция Майраның өмiрi мен шығармашылығын толық таныстырады. Музейдегi құнды мұражаттардың бiрi Мемориалдық тақта жазуымен көрермендерді көп қызықтырады.

Көпес Қыстаубаевтың үйiнiң бұрышында iлулi түрған, Ленин көшесi, 167 Майра тұрған үй.

Фото суреттерімен, құжаттарынан басқа Майраның өзi қолданған заттарына келушілер ерекше көңіл аударады. Майра киген қызыл-жiбек камзол – шапан көрсетiлген. Ертеде қазақ тұрмысында, келiндерге арнап тiгiлген. Үлкен келiннен кiшi келiнге мұра ретiнде қалдыру дәстүрi бойынша Майраныкi болып қала берген.

Майраның өнер шығармашылығын жалғастырушы Қазына Субек қызының, 1916 жылы шыққан гармоны көрсетiлген.

Қазақ халқының өнер жолында, ең көп қолданылатын аспап домбыра. Көне аспабы домбыраның пайда болуы туралы аңызда бар. Сол аспаптың шанағынан көптеген тарихи күйлер еститiн болдық. Қиын қыстау, жұт кезiнде пайда болған аспап Жетiген. Оның шығу тарихы туралы аңыз да бар. Жетiген – жетi iшектi шертiп ойнайтын көне сазды аспап. Қазiргi уақытта “жетiгеннiң жетеуi” деген атпен белгiлi.

Келесi экспозицияда, мұражайда өтетiн әр-түрлi мәдени шаралар мен кездесу өнер кештерiнiң көрiнiсi көрсетілген. Майраның елiне келген атақты, әйгiлi қонақтар Қазақстанның халық әртісі Ермек Серкебаев, белгілі фольклер-этнограф Юрий Аравин және эстрада әншісі жерлесіміз Меруерт Түсіпбаева сияқты тағы да басқа өнерпаздармен кездесудегi суреттерi iлулi “күнбе-күн” атты мұражай тынысы көрсетiлген.

Copyright by SW, Бесплатный хостинг uCoz