Приветствую Вас, Гость 14.12.2017, 03:30

Музейіміздің бірінші залында келушілер біздің өлкеміздің ежелгі табиғатымен танысады. Бұл залда кайназой дәуірі көлемді көрсетілген (65-70 млн. ж.б.). Палеоген, неоген кезеңінің табиғатының қолайлы болуына байланысты көптеген хайуанаттар мен өсімдіктердің өсіп-өнуіне жағдай жасалды. Экспозицияда біздің өлкеміздің 8-10 млн. жыл бұрын мекен еткен жануарлардың сүйек қаңқалары мен реконструкциясы қойылған. 1928 жылы Павлодар қаласындағы теміржол көпірінің оң жағалауында 1 шақырым жерден табылған жануарлар сүйегі ерекше қызығушылық танытады. Бұл жер “Қаз қонақ” деп аталады.

Ал табылған ескерткіштерге жалпы “гиппарион фаунасы” деген ат берілді. Өйткені табылған ескерткіштер арасынан үш тұяқты жылқы тектес гиппарионның қаңқалары көп табылған.

Алпауыт бұғы келушлердің ерекше назарын және қызығушылығын туғызады. Бұғының екі мүйізінің ара қашықтығы 3 метрден асады. Бұғы 1978 жылы Лебяжі ауданы Жамбыл ауылының Ертіс жағасынан табылды. Климаттың өзгеруі фаунаның түгелдей өзгеруіне әсер етті. Мұз дәуірінің ірі өкілі мамонт болып келеді. Бұл хайуанаттардың сүйек қаңқалары Железинка ауданында көптеп табылды.

Copyright by SW, Бесплатный хостинг uCoz