Приветствую Вас, Гость 17.08.2017, 12:46

Әскери Даңқ Залының экспозициясы Ұлы Отан соғысына қатысқан павлодарлықтар туралы сыр шертеді.1941 жылы 22 маусымда Ленпаркта мыңнан аса қала тұрғындары митингқа қатысты. Осы митингтан кейін көбі еріктілер қатарында майданға аттанды.

Кеңес Одағының Батыры К.А.Семенченконың салтанатты мундирі, фотосуреттері көрсетілген. Мәскеуді қорғауға ерлікпен павлодарлықтар қатысқан.

51-ші кавалерия полкының комиссары гвардия подполковнигі Әбілқайыр Баймолдинның соғыс кезінде пайдаланған жеке заттары мен фотосуреттер сақталған. Павлодарлықтар өз жерлестерін Кеңес Одағы Батырларын құрметтейді. Махмет Қайырбаев басқарған 1942 жылғы зеңбірек музейдің құнды жәдігерлерінің бірі.

Copyright by SW, Бесплатный хостинг uCoz