Приветствую Вас, Гость 18.08.2017, 04:09
Главная » 2011 » Июнь » 1 » «Ақталған есімдер» атты ауызша журнал
14:27
«Ақталған есімдер» атты ауызша журнал
31 мамыр, 2011 жыл

Г.Н.Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Ақталған есімдер» атты ауызша журнал өткізілді.

Еске алу кешіне қуғын-сүргін құрбандардың ұрпақтары мен туыстары,тарихшылар, студенттер, БАҚ өкілдері қатысады.

1937-38 жылдары - Павлодар Ертіс өңірінде бұрыңғы бүкіл Кеңес Одағындай тұлғаларға қарсы негізсіз жаппай қуғын-сүргіндердің өрлеу кезеңі болды.

Жаңадан қаралған істер, қуғын-сүргін құрбандардың тағдыры шығармалар мен мақалалардың негізі болып, «Азалы кітап. Атылғандардың тізімдері» «ГУЛАГ жолдарымен», «Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін», «Мәңгі ұмытылмас», «Қасіретті мезгілдің белгісі» атты кітаптар, зерттеулер жинақтары ретінде жарық көрді.

Жазықсыз «халық жауы» деп аталған азаматтардың есімдері ақталып, Тәуелсіз Қазақстанның тарихында өз орнын тапты.

Еске алу кешінің мақсаты –тоталитарлық жылдарында қаза тапқан халқымыздың рухы биік өкілдерінің алдарында тағзым ету, өскелең ұрпақты отансүйгіштік пен интернационализмді тәрбиелеу.
Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 882 | Добавил: Museum_Pavlodar | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Copyright by SW, Бесплатный хостинг uCoz