Приветствую Вас, Гость 22.10.2017, 18:43
Главная » 2011 » Ноябрь » 2 » Астана қаласында Павлодар облысы күндері
15:29
Астана қаласында Павлодар облысы күндері
25-26 қазан, 2011 жыл

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 – жылдығы аясында Астана қаласында Павлодар облысы күндері өтті. Астана қалалық әкімдігі алдындағы орталық алаңда «Кереку – Баянауыл жәрмеңкесі» атты ауылшаруашылық жәрмеңкесі жұмысы ұйымдастырылды. Г.Н.Потанин атындағы облыстық тарихи - өлкетану музейі «Ұлттық өнер», «Дәстүр», «Ғасырлар үні», «Айтыс», «Саятшылық» тақырыбы бойынша киіз үйлерді безендірді. Музей қорынан қойылған экспонаттар киіз үйлердің ішкі көрінісіне қайталанбас өзіндік ерекше өң беріп тұрды. Ұлттық өнер киіз үйінің ішіне музей қорындағы шеберлердің жұмыстары қойылды. Ұлттық қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесі Астана қаласы тұрғындары мен қонақтарының қызығушылығын туғызды.

Бейбітшілік және Келісім сарайында Павлодар облысының тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктерін көрсететін көрме ұйымдастырылды, онда әлеуметтік және мәдени салалардағы облысымыздың даму жетістіктерінің қорытындысы көрсетілді. Осында Павлодар облысы музейлері қорларынан көрме ұйымдастырылды.

Бейбітшілік және Келісім сарайындағы көрмеде Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи- өлкетану музейі және Д.П.Багаев мұражай- үйі қорынан ХІІ – ХІІІ ғғ.ақсүйек қимақ әйелі жерленген жерден табылған заттар, бокка – жапырақты күмістен жасалған бірегей бас киім, Павлодар облысы аумағынан табылған археологиялық заттар, ХХғ.басындағы фотоаппарат, Ертістің Павлодар өңірінің тарихынан, ХХ басындағы қазақ халқының өмірі мен тұрмысынан сыр шертетін Д.П.Багаев фотосуреттері.
Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 348 | Добавил: Museum_Pavlodar | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Copyright by SW, Бесплатный хостинг uCoz