Приветствую Вас, Гость 22.10.2017, 18:54
Главная » 2011 » Июнь » 15 » Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде көрме
12:22
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде көрме
17 маусым, 2011 жыл

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде Павлодар облысы музейлер қоры көрмесінің ашылуы өтті. Көрмені Тұңғыш Президент Музейі «Алға ұмтылған Қазақстан!» атты аймақтық жоба аясында ұйымдастырып отыр. Көрме ҚР 20- жылдық мерейтойына арналады.

Жобаның мақсаты көпшілікті Павлодар облысының құрылуы, даму тарихымен және Павлодар облысы музейлерінің заттық және фото- құжаттық қорын көрсету арқылы өлкенің мәдениетімен таныстыру. Көрмеде Ертістің Павлодар өңірі тарихының есте қаларлық оқиғалары және жарқын беттері көрсетіледі.

Көрмеге келушілер өлкенің өткен тарихымен, Павлодар облысының белгілі ғылым, мәдениет, әдебиет және өнер қайраткерлерімен танысады. Көрме 3 бөлімнен құралады:

1.Ертістің Павлодар өңірінің тарихы. (өлкенің ежелгі тарихы, көшпенділер мәдениеті,орта ғасыр тарихы, қалалардың пайда болу тарихы, Ертістің Павлодар өңірінің материалдық және рухани мәдениеті). Табылған бірегей палеонтологиялық және археологиялық жәдігерлер ( түкті айыртұмсық, бұқа бас сүйектері, сармат темір қылышы, андронов кезеңіндегі керамикалық ыдыстар, Алтын Орда дәуіріндегі керамикалық бейнелер). Қаланың пайда болу тарихын көрсететін фотосуреттер, құжаттар, 19-20 ғасырға жататын сауда және көпестік кәсіпке жататын заттар, зергерлік бұйымдар.

2. «Нар тұлғалар». Өлкеміздегі белгілі жерлестеріміз ( өлкеміздің ғылым, мәдениет,әдебиет,өнер салаларындағы белгілі қайраткерлері). Белгілі жерлестеріміз- Бұхар жырау, М.Ж.Көпеев, Қ.И Сәтбаев, Ә.Марғұлан, Қ.Кемеңгеров, Ж.Аймаутов және басқаларының фотосуреттері, жеке заттары,құжаттары, қолжазбалары қойылады.

3. Қазіргі күнгі көркемсурет ( қазіргі суретшілер жұмысы)

Көрменің ашылуы күні Павлодар облысы сәндік – қолданбалы өнер шеберлері өз жұмыстарын көрсетеді.
Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 559 | Добавил: Museum_Pavlodar | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Copyright by SW, Бесплатный хостинг uCoz