Приветствую Вас, Гость 22.10.2017, 18:53
Главная » 2011 » Октябрь » 21 » «Қазақстан - Сібір 2011» халықаралық көрмесі
11:07
«Қазақстан - Сібір 2011» халықаралық көрмесі
28-29 қыркүйек, 2011 жыл

Музей «Қазақстан - Сібір 2011» Халықаралық көрмесі аясында Павлодар қаласында қолөнер шеберлері көрмесін ұйымдастырды.

«Қазақстан - Сібір 2011» Халықаралық көрмесі Сібір мен Қазақстанның экономикалық және ғылыми мүмкіндіктерін көрсетті.

Жәрмеңкеге «Шеберлер ауылы» Ассоциациясының мүшелері – Қазақстанның қолданбалы өнер шеберлері, РФ Алтай өңірінің халық шеберлері және Павлодар облысының қолөнер шеберлері қатысты.

Экспозицияның басты мақсаты тұрғындарды қазақ халқы материалдық мәдениетінің маңызды бөлігі – халық кәсібімен таныстыру; қазақ халқының этномәдени, рухани мәдениетін көрсету; қарама-қарсылықтың бірлігін көрсету: қала мен дала мәдениеті, өткен мен бүгін.

Киіз үй кешендерінде көшпелілердің тұрмысы көрсетілді. Көркемөнер, қолданбалы өнер шығармашылығының көрме-жәрмеңкесі өтті. (әшекейлер, кәдесыйлар және т.б.).

Сонымен қатар көрермендер шеберлерді жұмыс барысында көре алды: тұрмыс заттарын, әшекейлерді, кәдесыйларды жасау.

Көрмеге келушілер еліміздің әр түкпірінен келген шеберлермен сұхпаттаса алды. Көрермендер музыкалық аспаптар көрмесімен танысып, домбыра, қобыз және басқа да ұлттық музыкалық аспаптар үнін ести алды.

Қолданбалы өнер көрме-жәрмеңкесінде ұнаған бұйымдарды, әшекейлерді және кәдесыйларды сатып алуға болды.
Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 281 | Добавил: Museum_Pavlodar | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Copyright by SW, Бесплатный хостинг uCoz