Приветствую Вас, Гость 18.08.2017, 04:22
Главная » 2011 » Декабрь » 26 » Г.Н.Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі жаңартылған экспозициясының ашылуы
12:46
Г.Н.Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі жаңартылған экспозициясының ашылуы
27 желтоқсан, 2011 жыл

Г.Н.Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі жаңартылған экспозициясының салтанатты ашылуы өтті. Бұл мәдениет саласында ғана емес, жалпы біздің облыс тарихындағы айтулы оқиға.

Жаңа экспозиция, бұл - музей қызметкерлері, музейтанушылар, тарихшылар және дизайнерлердің бірлескен жұмыстарының нәтижесі. Шығармашылық топтың жұмысында экспозициялық-көрмелік кеңістікке инновациялық тұрғада, қазіргі заманға сай музейлік, ақпараттық, дизайнерлік технологияларды қолданумен «жаңа ұрпақтың жанды интерактивті музейінің» өзіндік образы жасалды.

Экспозициялық шешімнің негізіне келушіге эмоционалды әсер ететін кешенді-тақырыптық принцип және музейлік-образдық әдіс салынған. Түс, жарық және визуалды бейнелер маңызды роль атқарады. Сонымен қатар экспозиция тақырыбының мазмұнын ашуға көмектесетін диорамалар және макеттермен толықты.

Музей экспозициясының ашылуында Павлодар облысының әкімі Б.Сағынтаев болды. Экспозицияның ашылуына қала мен облыс басшылары, облыстық және қалалық маслихаттың депутаттары, суретшілер, мәдениет қайраткерлері, еңбек және соғыс ардагерлері шақырылды.
Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 364 | Добавил: Museum_Pavlodar | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Copyright by SW, Бесплатный хостинг uCoz