Приветствую Вас, Гость 18.08.2017, 04:16
Главная » 2012 » Апрель » 12 » «Каркара» фотокөрмесі
15:19
«Каркара» фотокөрмесі
сәуір, 2012 жыл

Д.П. Багаев музей-үйінде Пересветов Георгий Юрьевичтің дербес фотокөрмесі ашылды. Көрмеде 30-дан астам жұмыс ұсынылған.

Пересветов Георгий Юрьевич 11.04.1974 ж. Ресейдің Углич Ярославский қаласында туған. Балалық шағы Павлодарда, мектеп жылдары Монғолияда (Ерденет қ.), ал студенттік жылдары Таулы Алтай Республикасында өтті. Суретші. Археолог.

«Каркара» - Пересветов Г.Ю – тің бірінші дербес көрмесіболып табылады. 2011жылдың қыркүйегінде «Павлодар - мой любимый город» атты көрме – сайысына қатысып, үшінші орынды иеленді.

Әрдайым археологиялық экспедицияларда болғандықтан, ол күннің шығуы мен батысын, көбелектің өмірге келуін, мәңгі өзен ағысын, жел қозғалысын байқаған... Осының бәрі археологтың құжаттық фотосуреттеріне жарқын мән қосқан еді.

2010 жылы археологиялық экспедицияның Павлодарлық бөлімшесі Шарын өзенінің Мойнақ ГЭС құрылыс аймағында ежелгі ескерткіштердің қазба жұмыстарын жүргізді. Жұмыстың негізгі бөлігі Қарқара (Жетісу) өзенінің жағасында өткізілді. Осы жазықтың атауы көрменің осылай аталуына тікелей себепші болды.
Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 323 | Добавил: Museum_Pavlodar | Рейтинг: 4.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Copyright by SW, Бесплатный хостинг uCoz