Приветствую Вас, Гость 17.12.2017, 15:05
Главная » 2011 » Февраль » 6 » Мұражай-үйінің 10-жылдығына арналған көрме
09:51
Мұражай-үйінің 10-жылдығына арналған көрме
4 ақпан, 2011 жыл

Мұражай-үйдің 10-жылдығына арналған Д.П.Багаев мұражай-үйінде павлодарлық суретші Алексей Усовтың "Авторский портрет" жеке көрмесінің ашылуы болды.

Алексей Усов – фотосуретші, фотокоррсепондент, бейнеоператор, жарық жөніндегі шебер. «Қазақстан Электролиз зауытының құрылысына қатысушы» медалімен марапатталған. Түрлі Қазақстандық және халықаралық көрмелердің қатысушысы және лауреаты.

Кәсіби фотосуретпен Алексей 1995 жылдан бастап айналысады. Түрлі жарнамалық, портреттік және репортаждық түсірілімдер, өзіндік іс және оған тән шығармашылық ізденіс және жаңа шешімдер жас фотосуретшіні өз ісінің тәжірибелі шеберлер қатарына қосты. Қазіргі кезде Алексей Усов Қазақстан және Ресейдің жарнамалық және ақпараттық агенттіктерімен, сондай-ақ баспасөз басылымдарымен белсенді ынтымақтастық жасайды. Қызметтік тізімде Мәскеу, Новосибирск, Омбы, Астана, Алматы, Павлодарлық журналдарымен жұмыстары бар. Өзінің кәсіби қызметімен қатар екі бағытты бөле отырып, шығармашылық фотосуретпен айналысады. Сонымен қатар өзінің студиясы негізінде шығармашылық фотосурет техникасы және өнері бойынша мастер-сабақтар өткізеді. Алексей өз жұмыстарын шетелде, сондай-ақ Интернетте түрлі фотофорумдар, галереялар және өзінің авторлық сайтында орналастырады.

Бұл көрме негізінен 2006-2011 жылдары ТМД бойынша: Мәскеу, Санкт-Петербург, Архангельск, Соловецк аралдары, оңтүстік Қазақстан, Қырғыз мемлекеті, Алтай саяхаттарында жасалған портреттер мен этюдтерде көрсетілген. Портрет және этюд – бұл бірін-бірін толықтыратын бағыттар, субъектілер және объектілер, адам тіршілігі және қоршаған орта.
Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 302 | Добавил: Museum_Pavlodar | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Copyright by SW, Бесплатный хостинг uCoz