Приветствую Вас, Гость 18.08.2017, 04:16
Главная » 2011 » Июнь » 10 » "Майдан жолы" іздестіру отряды
11:28
"Майдан жолы" іздестіру отряды
1 маусым, 2011 жыл

Үшінші жыл қатарынан Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі мен «Қазақстан электролиз зауыты» бастауымен Ұлы Отан соғысы майданы жерлеріне іздестіру отрядтары баруда.

2011 жылдың 18 мамырында Ресей Федерациясы Псков облысы Новосокольнический районына Павлодардан «Майдан жолы» іздестіру отряды патриоттық миссиямен аттанды. Отряд құрамында музейміздің қызметкерлері - Рахимов Е.О. и Сероус И. А. Болды.

Экспедицияның мақсаты – майдан алаңында қаза тапқан жауынгерлердің есімдерін қалпына келтіру. Туыс-туғандарына жауынгерлердің қаза тапқан жерлерінен ақпарат беру. Ресейлік «Поиск» отрядымен бірлесе 194 адам мүрдесі табылып, қайта жерленді. Өкінішке орай барлық жауынгерлердің есімдері белгісіз қалды. Біреуінің ғана есімі анықталды, ол – пулеметчик Шулятин Петр Степанович. Жерлеу кезінде мұсылман және христиан қағидалары бойынша рәсім өткізілді.

«Майдан жолы» отряды Кеңес Одағының Батырлары Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова, сонымен қатар жерлестеріміз Әбілхайыр Баймульдин мен Ибраим Сүлейменовтың қаза тапқан жерлерінде болды. Әлия Молдағұлованың зиратына павлодарлықтар Қазақстаннан туған жердің топырағын апарды. Ә.Молдығұлова атындағы Насвинск мектебінің өлкетану бөлмесіне Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі Әлия Молдағұлованың портретін сыйлады.

Біздің отряд осы мекенге кездейсоқ барған жоқ. Оны «Қан төгілген жер...» деп атайды. Новосокольническ жерін босату үшін 11 мыңнан аса жауынгерлер мен командирлер өмірлерін қиды. Олардың ішінде құрамына көптеген қазақстандықтар кірген 8 атқыштар дивизиязы болды. Мұрағаттық мәліметтер бойынша Новосокольническ жеріндегі бауырластық зиратында 200 ден аса қазақстандықтар, солардың ішінде 8 павлодарлықтар. Және де бұл толық мәліметтер емес...

Іздестіру отряды үйге, туған Павлодарға 1 маусымда қайтты.
Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 619 | Добавил: Museum_Pavlodar | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Copyright by SW, Бесплатный хостинг uCoz