Приветствую Вас, Гость 25.06.2017, 03:22
Главная » 2011 » Март » 1 » Михаил Кондратьевич Гапонның мерейтойы
11:26
Михаил Кондратьевич Гапонның мерейтойы
24 ақпан, 2011 жыл

А.П.Чехов атындағы облыстық драма театрында өлкетанушы, мәдениет және Ұлы Отан соғысының ардагері – Михаил Кондратьевич Гапонның 85-жас мерейтойлық кешін музей ұйымдастырды.

Оның бар өмірі туған Отанына шексіз беріліп қызмет ету үлгісі. Михаил Кондратьевич біздің облыс тарихы мен мәдениетін сақтауға және дамытуға үлкен үлес қосты. Павлодар қалалық Халықтар депутаттары кеңесінде депутат болып сайланды (1967-1969 жж.), Ермаков атындағы областық журналистер премиясының Лауреаты, облыстық Ардагерлер кеңесінің және Бейбітшілік қоры бюросының мүшесі.

1962 жылы Павлодар қаласына көшіп келген соң, қалалық мәдениет және демалыс паркінің директоры болды.

1968 жылдан 1986 жылға дейін Михаил Кондратьевич Г.Н.Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры болып істеді. Еңбек демалысында болып, ескерткіштерді қорғау қоғамында, кейін 1994 жылға дейін музей директорының шаруашылық бойынша орынбасары болып жұмыс істеді.

Мерейтойлық кешке Михаил Кондратьевичтің бұрынғы әріптестері, майдангер-достары, балалары және немерелері ризашылықтарын, құрметтерін және махабаттарын білдіруге келді.
Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 308 | Добавил: Museum_Pavlodar | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Copyright by SW, Бесплатный хостинг uCoz