Приветствую Вас, Гость 17.12.2017, 14:55
Главная » 2011 » Апрель » 27 » «Музей қорын толықтыру, жүйелеу, каталогизация» семинары
12:55
«Музей қорын толықтыру, жүйелеу, каталогизация» семинары
25 сәуір, 2011 жыл

Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Шарбақты ауылына “Жылжымалы музей» көрмесімен барды. Онда мектеп оқушылары музейіміздің экспонаттарымен және өлкеміздің тарихымен таныса алды.

Шарбақты өлкетану музейінде Г.Н.Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі ұйымдастырған «Павлодар облысы аудандық музейлерінің бағалы және сирек экспонаттары каталогының» тұсаукесері мақсатымен өткен «Музей қорын толықтыру, жүйелеу, каталогизация» семинары осы күннің атаулы оқиғасы болды.

Каталогта аудандардың ауыл музейлерінде сақталған өлкемізді мекендейтін ұлттандың материалдық және рухани, тұрмыс заттары бейнеленген. Бүгінгі таңда облыстың аудандық музейлері өз территорияларында тарихи-мәдени және ақпараттық орталықтары болуда және білім беру, ағарту функциясын атқаруда.

«Павлодар облысы аудандық музейлерінің бағалы және сирек экспонаттары каталогы» бірлескен облыстық музей жобасы ауыл музейлерінің жекеленген қорын жүйелеуге мүмкіндік береді.

Семинарға Шарбақты ауданының ауыл және мектеп музейлерінің басшылары қатысты. Осы күні музей қызметкерлері бір бірімен жұмыс тәжірибелерімен, жаңа бірлескен жобаларымен бөлісе алды.
Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 419 | Добавил: Museum_Pavlodar | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Copyright by SW, Бесплатный хостинг uCoz