Приветствую Вас, Гость 22.10.2017, 18:50
Главная » 2011 » Июль » 21 » «Отан үшін от кешкен» - Кеңес Одағының Батыры Сұрағанов Құдайберген Мағзұмұлының 90-жылдығына арналған еске алу кеші
16:36
«Отан үшін от кешкен» - Кеңес Одағының Батыры Сұрағанов Құдайберген Мағзұмұлының 90-жылдығына арналған еске алу кеші
22 шілде, 2011 жыл

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде Кеңес Одағының Батыры Сұрағанов Құдайберген Мағзұмұлының 90-жылдығына арналған көрменің ашылуы болды.

Павлодар педучилищесінің түлегі Құдайберген Мағзұмұлының жауынгерлік жолы Сталинградтан Берлинге дейін.

Әскери борышын өтеуге соғысқа дейін шақырылған кіші лейтенант Құдайберген Мағзұмұлы фронтқа 1942 жылы келді. Сталинград үшін шайқаста жараланғанына қарамастан, көп ұзамай бөлімшесіне оралды.

Жеңіспен үйіне оралған Құдайберген уақытын бос өткізбей жоғары педагогикалық білім алды, кандидаттық диссертацияны қорғап, көптеген жылдар республикамызға педагогикалық кадрлар дайындады.

Жерлесіміз- батырдың бейнесін жас ұрпақ жадында сақтау біздің міндетіміз. Осы мақсатпен Қ.М.Сұрағановтың мерейтойына еске алу кеші өткізілуде. Кешке Батырдың туыстары, соғыс және еңбек ардагерлері қатысты. Көрмеде Қ.Сұрағановтың жеке заттары, фотографиялары, құжаттары көрсетілген.
Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 587 | Добавил: Museum_Pavlodar | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Copyright by SW, Бесплатный хостинг uCoz