Приветствую Вас, Гость 22.10.2017, 07:46
Главная » 2011 » Май » 6 » "Қаһарлы жылдар - қайыспас ерлер" көрмесінің ашылуы
10:27
"Қаһарлы жылдар - қайыспас ерлер" көрмесінің ашылуы
7 мамыр, 2011 жыл

Жеңіс күніне орай 7 мамырда Мира, 40, мекен-жайы бойынша жаңадан салынған ғимаратта Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі және Павлодар облысы Мемлекеттік мұрағатының "Қаһарлы жылдар - қайыспас ерлер" көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.

Осы ғимарат 1923 жылы күту залы ретінде салынған болатын.1926 жылдан бастап теміржол қызметкер мен жұмыскерлердің балаларына арналған мектеп-интернаты орналасқан. Әр жылдары осында № 188 теміржол мектебі, № 108 мектеп орналасқан.1976 жылдан бастап Ильич аудандық пионерлер Үйі орналасқан, 1980 жылдан ұстаздар және оқушылардың Даңқ музейі жұмыс істеген.

Экспозициялық залда облыстық тарихи-өлкетану музейінің және Павлодар облысы Мемлекеттік мұрағат қорындағы мұрағаттық материалдар, ҰОС қатысқан павлодарлықтардың жеке заттары, құжаттар, фотосуреттер, плакаттар, қару-жарақ үлгілері қойылған.
Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 317 | Добавил: Museum_Pavlodar | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Copyright by SW, Бесплатный хостинг uCoz