Приветствую Вас, Гость 25.06.2017, 03:26
Главная » 2011 » Май » 26 » Павлодар облысының логотипіне конкурс
16:55
Павлодар облысының логотипіне конкурс

Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі Павлодар облысының тарихын жан-жақты ашатын логотипке конкурс жариялайды.

Павлодар облысының логотипіне конкурстың

ЕРЕЖЕСІ

I. Жалпы ереже

Павлодар облысының логотипіне облыстық конкурс ҚР Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналады.

Конкурсты ұйымдастырушылар:

- Павлодар облысының мәдениет басқармасы;

- Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі.

ІІ. Өткізу шарты мен реті

1. Конкурсқа белгілі мерзімде жұмыстарын ұсынған кез-келген жастағы азаматтар қатыса алады.

2. Конкурсқа А-4 көлеміндегі қағазға салынған жұмыстар ұсынылады.

3. Павлодар облысының логотипінде өлке тарихы, ерекшелігі көрсетілуі керек.

4. Жұмыстар конкурс тақырыбына сай болу керек.

Конкурс жұмыстарын дайындау талаптары:

5. Барлық жұмыстардың затбелгісі болу керек (затбелгі 7х3 см., беткі жағының оң жақ төменгі бұрышына тағылады). Затбелгіде жазылу керек:

а) автордың тегі, есімі

б) қала, елді мекен

в) байланыс телефоны

Логотиптің эскиздері ngbmuz@mail.ru электрондық мекен-жайына немесе ұйымдастыру комитетінің пошталық мекен жайына жіберіледі: Павлодар қ., Ленин көш, 149 Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі

6. Конкурсқа қатысу үшін эскиздер тапсыру мерзімі: 2011 жылдың 16 маусымына дейін.

7. Жобаны қорғау – 2011 жылдың 17 маусымы.

8. Конкурстық жұмыстарды бағалау үшін Ұйымдастыру комитеті осы салаға кіретін мамандардан жюри ұйымдастырады (суретшілер, дизайнерлер, тарихшылар)

ІІІ. Берілген жұмыстарды бағалау критерилері

9. Конкурсқа Павлодар облысы логотипі эскиздері сұрыптау мен бағалауды жюри келесі критерилер бойынша жасайды:

- конкурс тақырыбына және шарттарына сай болуы;

- жұмыстардың жоғары эстетикалық дәрежесі;

- ойдың жаңалығы;

IV. Конкурстың қорытындыларын шығару.

10. Жюри конкурстық материалдарды бағалау критерилері бойынша бағалайды.

Көрсетілген жұмыстардың ең жақсысы таңдалады. Жюри шешімі протоколмен рәсімделеді.

Ұйымдастыру комитеті
Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 371 | Добавил: Museum_Pavlodar | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Copyright by SW, Бесплатный хостинг uCoz