Приветствую Вас, Гость 27.06.2017, 10:12
Главная » 2012 » Февраль » 1 » «Ленинград үшін шайқастың тарихи маңызы» атты тақырыптық кеш
15:56
«Ленинград үшін шайқастың тарихи маңызы» атты тақырыптық кеш
18 қаңтар, 2012 жыл

Әскери Даңқ музейінің қабырғасында «Ленинград үшін шайқастың тарихи маңызы» атты тақырыптық кеш өткізілді. Бұл кеш Ленингард блокадасының аяқталуына байланысты ұйымдастырылды.

Блокада уақыты – қала тарихында, ел тарихында мәңгі есте сақталатын, тұрғындардың ерлігі сипатталатын ұмытылмайтын тарихи парақтың бір бөлігі. Блокаданың басталу кезі 1941 жылдың 8 қыркүйегі болып саналады. Осы уақытта қаланың елмен деген қатынасы үзіледі. 1942 жыл ішінде Ленинград блокадасын аяқтау үшін 5 рет шайқастар ұйымдастырылды, бірақ өкінішке орай олар сәтсіз аяқталып отырды. 14 қаңтарда Красносельско – Ропшинск операциясы басталды, нәтижесінде 27 қаңтарда 1944 жылы Ленинград блокадасы толығымен шешілді. Қарулы шайқастың нәтижесінде жаулар Ленинград қаласынан 60-100 км шегеріліп, 872 күннен кейін блокада аяқталды.

Тақырыптық кешке Ленинград блокадасына қатысқан ҰОС ардагерлері мен «Майдан жолы» іздестіру отрядының мүшелері және дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың 8 сынып оқушылары қатысты.
Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 1315 | Добавил: Museum_Pavlodar | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Copyright by SW, Бесплатный хостинг uCoz