Приветствую Вас, Гость 18.08.2017, 04:09
Главная » 2012 » Февраль » 10 » «Павлодар және КСРО халықтарының депортациясы» атты дөңгелек үстел
12:51
«Павлодар және КСРО халықтарының депортациясы» атты дөңгелек үстел
31 қаңтар, 2012 жыл

Әскери Даңқ музейінде «Павлодар және КСРО халықтарының депортациясы» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Біз Қазақстан Республикамыздың Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығын атап өткен болатынбыз. Жеткен жетістіктеріміздің бірі ретінде мемлекетіміздің ұлттық саясатын атап кетуге болады. КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстан жерінде көпұлтты халық құрамы қалыптасқан болатын. Қазақстанның, оның ішінде Павлодар облысының қайғылы да қиын кезеңдерінің бірі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы КСРО халықтарының депортациясы болып табылады. Бұл немістер, поляктар, шешендер мен ингуштар, корей халықтары және т.б. олардың көбі өздерінің тарихи Отандарына оралса да, кейбіреулері Тәуелсіз Қазақстан елін өзінің туған елі ретінде қабылдап, өз жерлерінде қалды. Олар бүгін мемлекетіміздің дамуы мен өркендеуіне өз үлестерін тигізуде.

Әскери Даңқ музейінің ең негізгі тақырыбы – бұл Ұлы Отан соғысы, ал КСРО халықтарының депортациясы бұл оқиғамен тығыз байланысты. Бірақ қазіргі таңда музей экспозициясында фотоматериалдар мен мұрағат құжаттарының болмауынан бұл тақырып толық көрсетілмеген. Сондықтан ең негізгі мақсаттардың бірі ретінде бұл дөңгелек үстел өткізіп, Ұлы Отан соғысының бір парағы ретінде депортация тақырыбын көрсету болып табылады.

Дөңгелек үстелге Павлодар облысы бойынша Қазақстанның халық Ассамблеясының депортацияға ұшыраған ұлт өкілдері, «Нұр Отан» ХДП қалалық бөлімінің төраға орынбасары А.Қ.Ешмұратов, облыстық мемлекеттік мұрағаттың ғылыми-ақпараттық бөлімінің бастығы Н.А.Кубик, С.Торайғыров атындағы ПМУ доценті, т.ғ.к. З.Ж.Марданова мен ПМПИ студенттері қатысты.
Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 447 | Добавил: Museum_Pavlodar | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Copyright by SW, Бесплатный хостинг uCoz