Приветствую Вас, Гость 17.12.2017, 15:01
Главная » 2011 » Апрель » 29 » «Ритмы света» көрмесі
11:15
«Ритмы света» көрмесі
27 сәуір, 2011 жыл

Д.Багаев мұражай-үйінде Омск қаласының фотосуретшісі Евгений Ивановтың «Ритмы света» атты жеке көрмесі ашылды. Көрмеде 45 шығармашылық жұмыстар көрсетілген.

Иванов Евгений Анатольевич 1985 жылдың 30 желтоқсанында Павлодар қаласында дүниеге келген. Евгений фотографиямен ерте 11 жасында қызықты. Біраз уақыт Павлодар қаласының пионерлер сарайындағы фотостудияда оқыды. Балалық қызығушылық уақыт өте келе маңызды іске айналды. Бұны дұрыс, әдемі, ерекше жасауға, көңіл күйді фотография арқылы көрсетуге құштарлық туды.

16 жаста Евгений Омск қаласындағы фотосалондардың бірінде жұмыс істеп,фотографиямен кәсіби айналыса бастады. Ал 2002 жылы Омск музыкалық-педагогикалық колледжінде «Дизайн» мамандығында оқиды. 2005 жылы жанрлық жұмыстарды жасап көріп, табысқа жетті. Ол қалалық және облыстық фотокөрмелерге қатысты, оның жұмыстары бірнеше рет қаланың танымал салондарында көрсетіліп наградаларға ие болды.

2008 жылы Муромцево қаласында бірінші жеке көрмесі болды. Бұл объективке бәрі түсетін уақыт болды: өтіп бара жатқан адамдар, түнгі көшелер, тарихи архитектура, пейзаждар.

Евгенидің саяхатқа деген құштарлығы да бар. Таулы Алтайдың пейзаждары оның жұмыстарында басты орынды алады.
Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 283 | Добавил: Museum_Pavlodar | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1  
If you're loiokng to buy these articles make it way easier.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Copyright by SW, Бесплатный хостинг uCoz