Приветствую Вас, Гость 22.10.2017, 18:42
Главная » 2011 » Март » 3 » «ШАЛЬная история» көрмесі
10:17
«ШАЛЬная история» көрмесі
5 наурыз, 2011 жыл

Майра Шамсутдинова атындағы ән өнері мұражай-үйінде «ШАЛЬная история» көрмесінің ашылуы болды. Көрмеде қала тұрғандарының және Г.Н.Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі қорындағы көне және қазіргі заман шәлілері, орамалдары, жамылғылары көрсетілген

Көрмеде әртүрлі шәлілерді көруге болады: тоқылған, мамық, жүнді, жібек. Бұл танымал павло-посадск және орынбор орамалдары, шотландка шәлілері, сонымен қатар шебер Б.Тленбекованың авторлық жұмыстары.

Соңғы кездерде орамалдар мен шәлілерге қызығушылық артуда. Оған дәлел – танымал сән дизайнерлері арасында орамалдардың өзектілігі. Сондықтан көрме тек үлкендерге ғана емес, сонымен қатар жастарға да қызықты болмақ.
Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 298 | Добавил: Museum_Pavlodar | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Copyright by SW, Бесплатный хостинг uCoz