Приветствую Вас, Гость 22.10.2017, 18:54
Главная » 2011 » Декабрь » 7 » Әскери Даңқ Музейі экспозициясының ашылуы
14:59
Әскери Даңқ Музейі экспозициясының ашылуы
6 желтоқсан, 2011 жыл

Мира, 40/1, мекен-жайы бойынша Әскери Даңқ Музейі экспозициясының ашылуы өтті.

Осы ғимарат 1923 жылы күту залы ретінде салынған болатын.1926 жылдан бастап теміржол қызметкер мен жұмыскерлердің балаларына арналған мектеп-интернаты орналасқан. Әр жылдары осында № 188 теміржол мектебі, № 108 мектеп орналасқан.1976 жылдан бастап Ильич аудандық пионерлер Үйі орналасқан, 1980 жылдан ұстаздар және оқушылардың Даңқ музейі жұмыс істеген.

Экспозициялық залда ҰОС павлодарлықтардың қатысуы, павлодарлықтардың Жеңіске қосқан үлесі жайлы айтатын облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорындағы мұрағаттық материалдар, ҰОС қатысқан павлодарлықтардың жеке заттары, құжаттар, фотосуреттер, плакаттар, қару-жарақ үлгілері қойылған.

Музей экспозициясының ашылуында ҰОС ардагарлері, өлкетанушылар, тарихшылар және оқушылар болды.
Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 383 | Добавил: Museum_Pavlodar | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Copyright by SW, Бесплатный хостинг uCoz