Приветствую Вас, Гость 17.12.2017, 15:07
Главная » 2011 » Сентябрь » 15 » «Смена» фотокөрмесі
11:52
«Смена» фотокөрмесі
12 қыркүйек, 2011 жыл

Д.П.Багаев мұражай-үйінде Владимир және Валерия Высоцкилердің «Смена» атты фотокөрмесі ашылды. Көрмеде 50 шығармашылық жұмыстар көрсетілген: Владимирдің 70-80 жж. түсірген суреттері мен Валерияның 25 түсті фотографиялары.

Владимир Викторович Высоцкий Павлодар облысы Екібастұз қаласында 1958 жылы дүниеге келді. Мектепті бітіргеннен кейін Павлодар индустриалдық институтына «инженер-құрылысшы» мамандығына түсті. Институттан кейін мамандығы бойынша жоба институты мен құрылыс мекемесінде жұмыс істеді. Ильичевск ауданында Пионерлер үйінде, Индустриалдық ауданның Пионерлер үйінде, басқа да мекемелерде басшылық қызметте болды. Педагогикалық стажы 12 жыл. 1982-1984 жж. «Орино» халықтық фотоклубында басшы болды. «Саяхат» ПК төрағасы. «Квадрат Высоцкого» шығармашылық тобының жетекшісі. Республикалық және Бүкілодақтық көрмелердің қатысушысы.

Валерия Викторовна Высоцкая Павлодар қаласында 2002 жылы дүниеге келді. Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің оқушысы. 2011 ж. «Фотографияның пайда болу тарихы» ғылыми жобасымен бастауыш сынып оқушылары арасында «Мәдениет» бөлімінде бірінші орынға ие болды.
Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 383 | Добавил: Museum_Pavlodar | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Copyright by SW, Бесплатный хостинг uCoz