Приветствую Вас, Гость 18.08.2017, 04:22
Главная » 2011 » Март » 17 » «Тәуелсіз Қазақстан – оның негізін қалаушы Н.Ә.Назарбаев»
11:08
«Тәуелсіз Қазақстан – оның негізін қалаушы Н.Ә.Назарбаев»
27 наурыз, 2011 жыл

2011 жылдың 27 наурызында Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Тәуелсіз Қазақстан – оның негізін қалаушы Н.Ә.Назарбаев» атты көрменің ашылуы болды. Бұл тек мәдениет саласындағы ғана емес, жалпы облыс тарихындағы атаулы оқиға.

Көрме концепциясының басты идеясы: Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті – Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен Тәуелсіз мемлекетіміздің дамуы мен құрылуын көрсету; қазіргі дүние жүзілік ынтымақтастықта белгілі тұлға, Қазақстан тәуелсіздігінің және мемлекеттілігінің белгісіне айналған еліміздің көшбасшысының жан-жақтылығын ашу.

Көрменің келушілері қазіргі Қазақстан туралы құжаттардан жасалған коллажын, ескі және жаңа ҚР Конституциясынан үзінділерін, «Жаңа Қазақстан жаңа әлемде» фотоколлажын, Астана туралы фотоматериалдарды көре алады. Көрмеде Астана қ. Президенттің Мәдениет Орталығы музейінің қорындағы «Алтын адам», «Абылай ханның шапаны», «Қазыбек бидің шапаны», зергерлік әшекейлер сияқты ерекше экспонаттар көрсетіледі.

Көрме бір ай бойы жұмыс істейді.
Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 725 | Добавил: Museum_Pavlodar | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Copyright by SW, Бесплатный хостинг uCoz