Приветствую Вас, Гость 17.08.2017, 12:43
Главная » 2011 » Май » 17 » "Тәуелсіздік және Түркістан тағылымы" көрмесі
15:03
"Тәуелсіздік және Түркістан тағылымы" көрмесі
18 мамыр, 2011 жыл

Г.Н.Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде Түркістан қаласындағы "Әзірет сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайының "Тәуелсіздік және Түркістан тағылымы" атты көрмесінің ашылу рәсімі өтті.

Көрменің негізгі мақсаты: ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына арналады. Түркістан қаласының қазақ тарихында алатын орнын көрсетеді.

Көрмені тамашалауға келгендер XVII - XVIII ғғ. Хан ордасынан табылған археологиялық, нумизматикалық материалдар мен жазба мәдениеті, Әмір Темір дәуірінен сақталған XIVғ. тарихи жәдігерлер - Лауха, Тайқазан көшірмелері мен түпнұсқа шырағдандар, XIX ғасырдағы және Тәуелсіздік тұсындағы Түркістан қаласының көрінісін экспозициядан көре алады.
Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 391 | Добавил: Museum_Pavlodar | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Copyright by SW, Бесплатный хостинг uCoz