Приветствую Вас, Гость 26.09.2017, 15:53
Главная » Жаңалықтар
9 мамыр, 2012 жыл

2012 жылдың 9 мамырында Әскери Даңқ музейінің алаңында «Әскери жылдар әуендері» атты мерекелік концерт өткізілді. Бұл концерт Ұлы Жеңістің 67-жылдығына арналып отыр. Концерт Әскери Даңқ музейі мен дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп, колледжбен бірлесе отырып ұйымдастырылады. Мерекелік шараның негізгі ерекшелігі әскери жылдар әуендерімен қатар театрлық көріністер мен Ұлы Отан соғысы тақырыбы бойынша тарихи ақпарат берілді.

Бұл мерекелік концертке ҰОС ардагерлері, қалалық ардагерлер Кеңесі мен Павлодар қаласының тұрғындары шақырылды.
Прикрепления: 1
Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 350 | Добавил: Museum_Pavlodar | Дата: 10.05.2012 | Комментарии (0)

4 сәуір, 2012 жыл

2012 жылдың 4 сәуірінде Достық Үйінің концерттік залында Павлодар облысы Қазақстан халықтары Ассамблеясы Төрағасының бірінші орынбасары Қ.Б.Даржұманның 75-жылдығына арналған Г.Н.Потанин атындағы облыстық тарихи- өлкетану музейі қорынан көрме ұйымдастырды.

Қ.Б.Даржұман аймағымыздың ұлтаралық келісімнің нығаюына және ұлттық-мәдени орталықтарының дамуына баға жетпес үлесін қосты.

2000 жылы Даржұман Қ.Б. Павлодар облысының «Жыл адамы» атағына ие болды.

Көрмеге Қ.Б.Даржұманның жеке заттары, құжаттары, фотосуреттері қойылды.
Прикрепления: 1
Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 397 | Добавил: Museum_Pavlodar | Дата: 12.04.2012 | Комментарии (1)

сәуір, 2012 жыл

Д.П. Багаев музей-үйінде Пересветов Георгий Юрьевичтің дербес фотокөрмесі ашылды. Көрмеде 30-дан астам жұмыс ұсынылған.

Пересветов Георгий Юрьевич 11.04.1974 ж. Ресейдің Углич Ярославский қаласында туған. Балалық шағы Павлодарда, мектеп жылдары Монғолияда (Ерденет қ.), ал студенттік жылдары Таулы Алтай Республикасында өтті. Суретші. Археолог.

«Каркара» - Пересветов Г.Ю – тің бірінші дербес көрмесіболып табылады. 2011жылдың қыркүйегінде «Павлодар - мой любимый город» атты көрме – сайысына қатысып, үшінші орынды иеленді.

Әрдайым археологиялық экспедицияларда болғандықтан, ол күннің шығуы мен батысын, көбелектің өмірге келуін, мәңгі өзен ағысын, жел қозғалысын байқаған... Осының бәрі археологтың құжаттық фотосуреттеріне жарқын мән қосқан еді.

Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 324 | Добавил: Museum_Pavlodar | Дата: 12.04.2012 | Комментарии (0)

30 наурыз, 2012 жыл

2012 жылдың 30 наурызында Г.Н. Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Музей театр, а вещи в нем актеры» атты тақырыптық кеш өтті. Іс-шара Театр Күніне орай өткізілді. Бұл іс-шара кезінде музей қызметкерлері музей қорындағы экспонаттар арқылы театр бейнесін барынша келтіруге тырысты.

Театр бейнесі алты мезонсценада ұсынылды, бұл – театрдың көрерменжайы, партер, режиссер кабинеті, әртістер өнерін көрсететін сахна, оркестр, костюмді бөлме, бояну бөлмесі, техникалық қызмет көрсету және асхана.

Әр мезонсценада актерлер ретінде музей экспонаттары сөз сөйледі. Олардың әр бірі өзінің музейге түсу тарихын айтты. Бұл кеште музей қорында сақталынған костюмдер көрермендерге ұсынылды.

Кеште ИНЕУ-дің тарих мамандығының 1 курс студенттері белсене қатысты.
Прикрепления: 1 · 2 · 3 · 4 · 5
Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 318 | Добавил: Museum_Pavlodar | Дата: 12.04.2012 | Комментарии (0)

15 наурыз, 2012 жыл

2012 жылдың 15 наурызында сағат 15.30 Әскери Даңқ музейінде Б. Хазыровтың «Люди несгибаемой воли» кітабының презентациясына байланысты дөңгелек үстел ұйымдастырылған болатын.

«Люди несгибаемой воли» атты жаңа кітапта автор 314 - атқыштар дивизиясының құрамында болған павлодарлық-жауынгерлердің ерліктері туралы баяндайды. Неміс фашизмін жеңудегі және жерімізде бейбіт орнатудағы көрсеткен ерен ерліктері мен батылдықтары шебер жазылған.

Дөңгелек үстелге Павлодар облысының мұрағаттар мен құжаттар басқармасы, Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы, «Қазақстан электролиз заводы» АҚ, ардагерлер кеңестері, қала кітапханалары, өлкетанушылар, «Майдан жолы» іздеу отрядының мүшелері және ПМПИ студенттері шақырылды.
Прикрепления: 1 · 2 · 3 · 4
Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 309 | Добавил: Museum_Pavlodar | Дата: 16.03.2012 | Комментарии (2)

6 наурыз, 2012 жыл

Г.Н.Потанин ат. облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Киім – дәуір айнасы» атты тақырыптық кеш өткізілді. Ертеден сән әлемімен айналысатын әйел адам. Кеш көктемнің әйелдер мерекесі қарсаңында өтті.

Қазақ ұлттық киімінің тарихы ерте заманнан басталады. Тарихи даму барысында ұлттық киім жетіле түсті, өзгерді, онда тарихи, экономикалық, әлеуметтік шарттармен байланысты көне дәстүрлер көрініс тапты. Ұлттың киіміне Қазақстан территориясында көне заманнан сақ, ғұн, түрік дәуірлері, қазақ хандығының құрылуы, Ресейге қосылу, революциялар, Кеңес Үкіметінің орнауы және қазіргі заман тарихи процестері әсер етті.

Іс-шарада музей қорындаға костюмдер, №1 кәсіби лицей оқушыларының дипломдық жұмыстары, сонымен қатар «Этуаль» сән орталығы шеберінің жеке коллекциясы көрсетілді.
Прикрепления: 1 · 2 · 3 · 4
Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 464 | Добавил: Museum_Pavlodar | Дата: 12.03.2012 | Комментарии (0)

21 ақпан, 2012 жыл

Әскери Даңқ музейінде «Ауған соғысының естеліктері» атты интернационалист-жауынгерлермен кездесу кеші өтті.

Бұл кеш Ауғанстан жерінен кеңес әскерін шығару күніне байланысты. Соғыс 10 жылға созылды. Бұл жағдайдан Павлодар облысы да шеткері қалған жоқ. Бүгінгі күні Ауғанстандағы соғыс біздің тарихымыздағы қиын да толық зерттелмеген ақтаңдақтардың бірі. Ол арнайы зерттеулерді, алғышарттар мен себептердің шығу тарихын зерттеуді қажет етеді.

Кеште 1979-1989 ж.ж. Ауған соғысына қатысқан интернационалист-жауынгерлер, Павлодар облысының Қорғаныс істері бойынша департамент, №5512 әскери бөлімінің сарбаздары және дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интарнаттың оқушылары қатысты.
Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 740 | Добавил: Museum_Pavlodar | Дата: 22.02.2012 | Комментарии (0)

15 ақпан, 2012 жыл

Майра Шамсутдинова атындағы ән өнер шығармашылық мұражай үйінде ашылған «Жас тұлпар» жастар клубының ақын Мұқағали Мақатаевтың «Мұқағали – ер ақын, ерең ақын» атты шығармасына арналған алғашқы тұсау кесер кеші өтті.

Мұқағали Мақатаев (1931-1976) – қазақтың әйгілі ақыны. Туған жері Алматы облысының Нарынқол ауданындағы Шалкөде ауылы. Топырақ бұйырған жері Алматы қаласы. Балалық бал дәурені соғыста қаза болып, анасы Нағиман Мұқағалидың өкшесін баса туған үш ұлды өзі асырап жеткізген. Орта мектепті интернатта жатып бітірген Мұқағали еңбекке ерте араласты.

Мұқағали Алматыдағы қазақ әдебиеті мен өнерінің қаймақтары шоғырланған ортада өткерген аз ғана жылдар ішінде өзіндік дара үнін, суреткерлік қайталанбас дарынын танытып, өнімді еңбектене білді. «Ильич», «Армысыңдар достар», «Қарлығашым келдің бе?», «Мавр», «Аққу ... Читать дальше »
Прикрепления: 1 · 2 · 3 · 4 · 5 · 6 · 7
Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 1259 | Добавил: Museum_Pavlodar | Дата: 17.02.2012 | Комментарии (1)

10 ақпан, 2012 жыл

Әскери Даңқ музейінде «Сталинград шайқасы – ҰОС-да бетбұрыс кезең» атты тақырыпқа ардагерлер клубының отырысы өтті.

Соғыс – адам өмірімен өлшенетін миллиондаған адамдардың қайғысы. Сталинград түбіндегі шайқаста кеңес әскері қажымас қайрат пен ерлік көрсетіп қана қоймай, неміс фашистік тобының 29 дивизиясын жеңген болатын. Сталинград шайқасындағы жеңіс Ұлы Отан Соғысындағы бетбұрысты кезең болды. Ол ерлік пен өжеттіліктің белгісі ретінде жеңіс тарихында жаңа беттер ашты.

Ардагерлер клубының отырысына қалалық Ардагерлер кеңесінің өкілдері, ҰОС ардагерлері - Сталинград шайқасына қатысушылар және мектеп оқушылары қатысты.
Прикрепления: 1 · 2 · 3 · 4 · 5
Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 696 | Добавил: Museum_Pavlodar | Дата: 14.02.2012 | Комментарии (0)

3 ақпан, 2012 жыл

Д.П.Багаев мұражай-үйінде Павлодар қаласының кәсіби фотографы Александр Васильевич Бичиневтің «Мне 50» жеке көрмесі ашылды. Көрмеде 48 жұмыс қойылған.

Бичинев Александр Васильевич – кәсіби фотограф. Еңбек жолын 1986 жылы Павлодар облыстық фотокомбинатта бастады. «Версия», «Перелом», «Независимая газета», «Павлодарская газета» газеттерімен, «Сәнсұлу», «Райса» сән театрымен қызмет істеді. «Око» фотосалонында фотограф болды.

Сібір фотографтар одағының мүшесі

«Творчество народа – обновлению страны» (Павлодар, 1991 ж.), «Мой Павлодар» (Д.П.Багаев мұражай-үйі, 2002 ж.), «Портреты и пейзажи» (Д.П.Багаев мұражай-үйі, 2003 ж.), «Новые лица» (Павлодар, 2005 ж.), «New face» (Павлодар, 2006 ж.) жеке көрмелерінің авторы. «Сибирь-2004» фотосалонының қорытынды экспозициясының ( ... Читать дальше »
Прикрепления: 1 · 2 · 3 · 4 · 5 · 6 · 7
Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 290 | Добавил: Museum_Pavlodar | Дата: 10.02.2012 | Комментарии (0)

1 2 3 4 5 »
Copyright by SW, Бесплатный хостинг uCoz