Приветствую Вас, Гость 17.12.2017, 15:06
Главная » 2011 » Июль » 21 » «Золотые купола» авторлық көрмесі
12:31
«Золотые купола» авторлық көрмесі
14 шілде, 2011 жыл

Д.П.Багаев мұражай-үйінде алматылық фотосуретшілер В.Горбунов пен Л.Чернованың авторлық көрмесі ашылды. Көрмеде Қазақстан мен Ресейдің түрлі православтық храмдары бейнеленген 38 шығармашылық жұмыстары көрсетілген.

Виктор Горбунов екі қызметпен кәсіби айналысады: фотография және спорт. 1982 жылдан бастап фотографиямен айналысады. Көптеген халықаралық фотокөрмелердің қатысушысы. «Алматы сквозь сотни линз» фотоконкурсының гран-при иегері, «Фотография года», «Золотой объектив Алматы», «Экофото», «Мир и духовное согласие», «Люди и горы» фотоконкурстарының лауреаты.

Бірнеше фотоальбомдар құрастыруына қатысты. Көптеген алматылық журналдармен бірлесіп жұмыс істейді: «Афиша», «Элитный дом», «Дома и интерьеры», «Винтаж».

2009 жылдың 17 сәуірінде Д.Багаев мұражай-үйінде оның «Колейдоскоп» авторлық көрмесі өтті.

Лилия Чернова мамандығы бойынша инженер – экономист. 30 жылдан аса Алматыда тұрады. Туризммен айналысу оны фотографияға әкелді. Мәскеуде болып, ондағы православтық храмдар, шіркеулер, олардың архитектурасы мен қоңырау әуеніне таңырқанды. Осыдан «Золотые купола» көрмесінің идеясы пайда болды.
Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 265 | Добавил: Museum_Pavlodar | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Copyright by SW, Бесплатный хостинг uCoz