Приветствую Вас, Гость 24.05.2017, 20:39
Главная » Статьи » Мои статьи

Халық жадында мәңгілікке сақталған тарихи кезең...

Бүгін әлем халқы үшін жазықсыз саяси қуғын-сүргінге ұшыраған ел азаматтарын еске алу күні болып есептеледі. Бұл күннің тарих беттерінен ешқашан өшірілмейтіні, ұмытылмайтыны сөзсіз.

Ұлтымыздың күре тамырына балта шапқан XX ғасырдың 30-жылдарындағы болған қайғылы оқиғалар тізбегі жайлы хабардар ететін құжаттар Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейіне көздің қарашығындай сақталып, қорғалуда. Сол себепті, халық жүрегіне өшпес дақ түсірген саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алудыұрпақ міндеті деп білуіміз керек. Осы мақсатта музей ұжымы жыл сайын 31 мамырда қуғын-сүргін құрбандары туған-туысқандарының қатысуымен еске алуды кештерін ұйымдастырады. Шараға қатысқан оқушы және студент жастар халық басына қиын-қыстау орнатқан кезең туралы хабардар болады.

Сол кезде Павлодар өңірі Шығыс Қазақстан облысының құрамында болғандығы тарихтан белгілі. Павлодарлықтарды соттаған үштік Семей қаласында орналасты. Олардың арасында ешбір себепсіз, жазықсыз сотталғандар да болған. Кейбіреулер бірнеше ай өткеннен кейін ғана шығарылғын үкіммен танысатын кездер де болды.

Халықты қуғын-сүргінге ұшырату жоспары бойынша орындалатын мақсат-міндеттер жергілікті органдар арасында жасырын түрде жүзеге асырылатын. Қаралы кезеңнің өлім тұзағы ел болашағын ойлаған, жоғын жоқтап, мұңын мұндаған қаншама тұлғаларды қыршынынан қиды. Сол жылдары қуғын-сүргінге жазықсыз жандар ғана емес, сондай-ақ халықтың ақыл-ойы мен арман-мұраты, бостандығы мен тағдыры, ұлттық намысы тұзаққа түсті. Х.Досмұхамедов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ә.Бөкейханов, М.Жұмабаевтар сынды өр тұлғалармен қатар жерлестеріміз Ж.Аймауытов, А.Барлыбаев, Ә.Сәтбаев, С.Қожанов, Е.Бекмаханов, Қ.Бердалин, С.Жүсіпбеков, М.Ыбраев, С.Аймағамбетов, Н.Бакин, Б.Өскенбаев, А.сүлейменов те қуғын-сүргін зардабын бастарынан өткерді.

Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында қуғын-сүргінге ұшыраған көптеген жерлестеріміздің құжаттары сақталуда. Ресей тарихшысы Р.Медведевтің пікірінше, құғын-сүргінге ұшырағандар саны 40 миллион адамды құрап отыр. Ал басқа тарихи дереккөздер бойынша құрбандар саны 60 миллион адамға дейін жетеді.

Қазақстанда 1927 жылдан бастап 1953 жылға дейін 103 мың адам қуғынға ұшырады. 25 мың адам «халық жауы» атанып, ату жазасына кесілді. Ашаршылық кезінде қазақ халқының 42 пайызы қаза тапты, соның салдарынан 1 миллион адам елден көшіп кетті.

Павлодар облыстық бойынша Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Басқармасының ақпараты бойынша 4360 адам құғын-сүргінге ұшыраған, (ІІХК) үштігімен 2450 адам сотталған, ату жазасы туралы үкім 932 адамға шығарылған. Адамдарды бағынышты тәртіппен ұстау мақсатында, конституция талаптары бұзылды. Контрреволюциялық істерді қарау үшін соттан тыс органдар – ІІХК үштіктері мен екіліктері құрылды. Үштікке облыс прокуроры, ІІХК бастығы және обкомның бірінші хатшысы кірді. Сол кезде қысқа уақытта адамның тағдыры шешілетін, сол құжатқа сәйкес олар өлім жазасына кесілетін немесе ұзақ жылдарға лагерьлерге жіберілетін.

Категория: Мои статьи | Добавил: Museum_Pavlodar (08.06.2011)
Просмотров: 588 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Copyright by SW, Бесплатный хостинг uCoz