Приветствую Вас, Гость 17.12.2017, 15:09
Главная » Статьи » Мои статьи

«Соғыста қарумен, бейбіт күнде қаламмен қызмет еткен жерлесіміз»

Ұлы Отан соғысының ардагері Қалмухан Исабаев 1925 жылы 25 тамызда Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған. 1954 жылға дейін Кенес Совет Республика Одағынын Қарулы күштерінің Германиядағы батыс тобында қала коменданты болып қызмет атқарған.

1961 жылы ҚазМУ – ді бітірген, 1955-1985 жылдары “Социалистік Қазақстан” газетінде әдеби қызметкер, “Жұлдыз” журналының бөлім меңгерушісі, Қазақстан жазушылар Одағы жанындағы әдебиетті насихаттау бөлімінің директоры болды. Әр қаламгердің шығармашылық шеберлігін, талғамын туындыларын терең ұққан адам айта алар. Ал әйгілі жерлестеріміздің бірі, Баянаулдың тумасы Қалмуқан Исабаевтың өмірі мен туындылары бір- бірімен өзектес. Жауынгерлік повестерінің шынайылығы- Қ. Исабаев Ұлы Отан соғысының ардагері және майдангері. Жазушы Ертіс-Қарағанды каналының жобасымен танысып, оның бойын жаяу аралады. Он бес жыл өмірін канал құрылысшылары арасында өткізіп, ол туралы кітап жазды. Әр түрлі өзекті тақырыпқа арналған 300-дей көркем очерк, ғылыми және мәселелік мақалалары жарияланды. Кітаптары орыс, неміс және басқа тілдерде жазылған.

Қазақта: “Ісіне қарап өзін таны, сөзіне қарап қадір тұт” деген нақыл бар. Бүгінгі таңда 85-тің сеңгіріне шыққан белгілі жазушы Қалмұқан Исабаев ағамыз- саналы ғұмырында еселі еңбегімен танылған қадір тұтатын қаламгер. Жазушының дарын шуағынан нәр алған шалқыма шабытты, кең тынысты шығармалары- роман, повестері, естелік эсселері, тағылымды- тәлімді тарихи толғаулары, деректі зерттеулері оқырман қауымның рухани мұрасы, әдеби, мәдени құндылықтар.

Қалмұқан Исабаев – тыңғылықты ісімен, шежірелі сөзімен танылған, құрметке бөленген жан. Ол қарапайым, елгезек мінезімен, әділдігімен, ақыл-нақылымен ардақты, шыншылдығымен, қанағатшыл кендігімен еңсесі биік азамат. Қалмұқан - өмір шындығын көркем сөзбен көмкерген білгір де білікті қаламгер. Оның жүгінері- ақиқат, деректілік, нақтылық. Оның қалам қуатынан желі тартқан “Даладағы ерлік”, “Арман арнасы”, “Тағдырлар тоғысқанда”, “Құмдағы шағала”, “Көгілдір қазына”, ерлік еңбекті баяндаған шығармалар, қазақтың тарихи шежіресінен сыр ақтарған “Шоң би”, “Серт”, “Айқыз”, “Өрде”, “Арна”- басқа да романдары- қазақ прозасын байытқан кесек туындылар. Бұл –оқырман қауым мойындаған ақиқат. Қалмұқан Исабаевтың тақырыбы ауқымды, сан салалы. Оның Ұлы Отан соғысы тарихын зерделеген “Соңғы тәулік”, “Жолдас комендант”, “Ажал құрсауында” атты шығармалары- ақиқаттың ақ туын желбіреткен ой жемісі. Қалмұқан аға ұзақ жылдар мұрағат ақтарған ізденімпаз зерттеуші, тіпті бұл жағынан оны тарихшы, этнограф десе лайық. Ол- сонымен бірге намысқой, күрескер жазушы. Қалмұқан аға 1917 жылдан Қазан төңкерісіне дейін қазақтан кім Меккеге барғанын зерттеп, бәрінің тізімін тауып олардың қай облыс, қай ауданнан екеніне дейін белгілеп сонымен кітап жазды. Қажылықпен таныстыру, идеология, білім,алғашқы мектептер сияқты мәселелер де қамтылды, жыл сайынғы қажылардың тізімі енгізілді. Талай қазақтың ата- бабасының аты аталған бұл кітап шыққаннан кейін біреу әкесін, біреу атасын іздеп, қажыға барған туған- туыстарын іздеуде.

Ол сонымен бірге намысқой, күрескер жазушы. Қалмұқан – Абайды, Абай арқылы қазақ ұлтын Германия жұртына танытқан жол бастаушы да. Аумалы кезенде кейбір айғайшы ағайындар жазушы жүрегін жаралайтындай ыңғайсыз мінез танытқаны қарамастан, ешкімге өкпе- наз айтпады, қайтпас қайсар мінезімен, парасатты ойымен нәтижелі іс тындырды. Қалмұқан аға Павлодар облыстық Г.Н. Потанин атындағы тарихи- өлкетану мұражайымен тығыз байланыста, жоқты іздеп, үнемі жаңалық ашып жүретін кісі. Адамның ойына келмейтін әлдебір тосын әрекеттерді ойлап тауып, соны жүзеге асырғанша тыным көрмейтініне талай рет куә болғаңымыз бар.

Қалмұқан аға бір сөзінде: “Мен аштықты да, жаланаштықты да көрдім, соғыс басталды да әскерге кеттім. Офицер атағымен ешкімге дес бермедім, қазағымның ар- намысынын ешкімге таптатқан жоқпын, жасыған да жоқпын. Біз сол заманның ұландары едік. Қолымыздан келгенше кітап жаздық, жалған жазған жоқпын,”-деп ақиқат сырын ақтарыпты. “Қызыл жұлдыз”, Еңбек Қызыл Ту, I-дәрежелі Отан соғысы ордендері және медальдарымен марапатталған. 2003 жылы Президент Жарлығымен “Құрмет” орденімен марапатталды.

Категория: Мои статьи | Добавил: Museum_Pavlodar (28.01.2011)
Просмотров: 955 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Copyright by SW, Бесплатный хостинг uCoz