Қала тарихының залы XVIII ғасыр туралы сыр шертеді.
Павлодар қаласының шығуына тұз өндірісі мен сауда-саттықтың дамуы ықпал жасады. Келушілер назарына тұз үлгілері, тұз өндірушінің аяқ киімі мен ершік ұсынылады. Көмір қазбаларын алғашқы болып тапқан Қосым Пішембаев туралы құжаттар мен фотосуреттер көрсетілген.





