Музейді мемлекеттік басқаруын Өкілетті орган - Павлодар облысының мәдениет басқармасы жүзеге асырады.
Музей директоры – Нұрахметова Гүлнар Баркенқызы, музей директоры болып 2006 жылдан істейді.
Директордың орынбасары - Абсалямова Қайша Сагындыққызы.
Филиалдар:
М.Шамсутдинова ат. ән өнер шығармашылық музейі - меңгерушісі Айтмағамбетова Үміт Рамазанқызы.
Д.П.Багаев мұражай-үйі - меңгерушісі Артамова Луиза Владимировна.
Бөлімдер:
Қорбөлімі - бас қоршы Шегебаева Айшолпан Сұлтанқызы.
Өлке тарихы бөлімі - меңгерушісі Алиева Гүлжайнат Мағазқызы .
Археология, палеонтология және табиғат бөлімі - меңгерушісі Пересветов Георгий Юрьевич.
Экспозициялық-көрме жұмыстары бөлімі - меңгерушісі Абыкешова Шолпан Қадырқызы.
Экскурсиялық-көпшілік жұмыс бөлімі - меңгерушісі - Адамов Талғат Жұматұлы.
Жалпы тарих және этнография бөлімі - меңгерушісі Жомартова Алия Зарлыққызы.
Музейдің негізгі экспозициясы Ленин көшесінде орналасқан архитектура ескерткіші ғимаратында орналасқан. 1890 жылы салынған. Онда бірінші гильдия көпесі А.Деровтың сауда үйі болған. Әкімшілік, ішкі бөлімдер ғимараттың екінші қабатында - бұрынғы пошта-телеграф конторасында орналасқан. Негізгі қор Ленин көшесі 129 үйдегі архитектура ескерткіші болып саналатын ғимаратта.
Экспонаттар саны – 72435
Қызметкерлер саны – 68
Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі "Қазақстанды зерттеу қоғамының" облыстық бөлімшесі негізінде 1942 жылы құрылған. 1959 жылы оған саяхатшы, Орта Азияны зерттеуші Г.Н.Потанин аты берілді. Музейдің негізін қалаған фотограф, өлкетанушы Дмитрий Поликарпович Багаев. Музей экспозициясы өлкеміздің тарихы мен мәдениетін ашатын 8 залда орналасқан.Ғылыми кітапхана, екі филиал: Д.П.Багаевтың мұражай-үйі және Майра Шамсутдинова атындағы ән өнер шығармашылығы музейі бар.
Музей қоры музей жұмыстарының ғылыми көрсеткіші және ерекше мақтанышы болып табылады. Музей қоры жылдан жылға көбейіп, ғылыми өңдеуден өткізілуде. Жалпы музей қорында жетпіс мыңнан астам экспонаттар бар.
Дәрістік және экскурсиялық жұмыспен қатар музей республикалық музейлер қорларынан, өз қорынан көрмелер ұйымдастырады. Облыстық тарихи-өлкетану музейі жанынан Павлодардың Ертіс өңірін зерттеу үшін археологиялық және этнографиялық экспедициялар жүргізіледі. Шебер-кластар, өлкетанулық сабақтар, дәріс-концерттер, шығармашылық кештер ұйымдастырылады.
|