18 сәуір, 2011 жыл
Музейде Халықаралық ескерткіштерді қорғау күніне және түркі тілдес халықтар жазбасы апталығына арналған «Даланың мәңгілік сақшылары» атты тақырыптық кеш өтті.
Іс-шараның мақсаты Павлодар Ертіс өңірінің тарихи ескерткіштерін, дүниежүзілік мәдени мұраны сақтау және қорғау мәселесіне көпшіліктің назарын аудару.
Біздің дәуірдің бірінші мыңжылдығының ортасында түркі тілдес халықтар руна жазуы деп аталатын жазба жүйелерін қолданған.
Тіл және жазбамен қоса түркілерден көне тас мүсіндердің керемет үлгілері қалған.
Іс-шара барысында Павлодар облысының тас мүсіндері жайлы деректі фильм және музей қызметкерлері дайындаған қойылым көрсетілді.
Кештің қатысушылары қала мектеп оқушылары мен ЖОО студенттері болды.
|