Әскери Даңқ музейінің қабырғасында «Ленинград үшін шайқастың тарихи маңызы» атты тақырыптық кеш өткізілді. Бұл кеш Ленингард блокадасының аяқталуына байланысты ұйымдастырылды.
Блокада уақыты – қала тарихында, ел тарихында мәңгі есте сақталатын, тұрғындардың ерлігі сипатталатын ұмытылмайтын тарихи парақтың бір бөлігі. Блокаданың басталу кезі 1941 жылдың 8 қыркүйегі болып саналады. Осы уақытта қаланың елмен деген қатынасы үзіледі. 1942 жыл ішінде Ленинград блокадасын аяқтау үшін 5 рет шайқастар ұйымдастырылды, бірақ өкінішке орай олар сәтсіз аяқталып отырды. 14 қаңтарда Красносельско – Ропшинск операциясы басталды, нәтижесінде 27 қаңтарда 1944 жылы Ленинград блокадасы толығымен шешілді. Қарулы шайқастың нәтижесінде жаулар Ленинград қаласынан 60-100 км шегеріліп, 872 күннен кейін блокада аяқталды.
Тақырыптық кешке Ленинград блокадасына қатысқан ҰОС ардагерлері мен «Майдан жолы» іздестіру отрядының мүшелері және дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың 8 сынып оқушылары қатысты.