Д.П.Багаев мұражай-үйінде Павлодар қаласының кәсіби фотографы Александр Васильевич Бичиневтің «Мне 50» жеке көрмесі ашылды. Көрмеде 48 жұмыс қойылған.
Бичинев Александр Васильевич – кәсіби фотограф. Еңбек жолын 1986 жылы Павлодар облыстық фотокомбинатта бастады. «Версия», «Перелом», «Независимая газета», «Павлодарская газета» газеттерімен, «Сәнсұлу», «Райса» сән театрымен қызмет істеді. «Око» фотосалонында фотограф болды.
Сібір фотографтар одағының мүшесі
«Творчество народа – обновлению страны» (Павлодар, 1991 ж.), «Мой Павлодар» (Д.П.Багаев мұражай-үйі, 2002 ж.), «Портреты и пейзажи» (Д.П.Багаев мұражай-үйі, 2003 ж.), «Новые лица» (Павлодар, 2005 ж.), «New face» (Павлодар, 2006 ж.) жеке көрмелерінің авторы. «Сибирь-2004» фотосалонының қорытынды экспозициясының (Новосибирск қ.), Халықаралық өнер фестивалінің (Одесса, 2004 ж.) қатысушысы.