5 наурыз, 2011 жыл
Майра Шамсутдинова атындағы ән өнері мұражай-үйінде «ШАЛЬная история» көрмесінің ашылуы болды. Көрмеде қала тұрғандарының және Г.Н.Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі қорындағы көне және қазіргі заман шәлілері, орамалдары, жамылғылары көрсетілген
Көрмеде әртүрлі шәлілерді көруге болады: тоқылған, мамық, жүнді, жібек. Бұл танымал павло-посадск және орынбор орамалдары, шотландка шәлілері, сонымен қатар шебер Б.Тленбекованың авторлық жұмыстары.
Соңғы кездерде орамалдар мен шәлілерге қызығушылық артуда. Оған дәлел – танымал сән дизайнерлері арасында орамалдардың өзектілігі. Сондықтан көрме тек үлкендерге ғана емес, сонымен қатар жастарға да қызықты болмақ.
|