2012 жылдың 9 мамырында Әскери Даңқ музейінің алаңында «Әскери жылдар әуендері» атты мерекелік концерт өткізілді. Бұл концерт Ұлы Жеңістің 67-жылдығына арналып отыр. Концерт Әскери Даңқ музейі мен дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп, колледжбен бірлесе отырып ұйымдастырылады. Мерекелік шараның негізгі ерекшелігі әскери жылдар әуендерімен қатар театрлық көріністер мен Ұлы Отан соғысы тақырыбы бойынша тарихи ақпарат берілді.
Бұл мерекелік концертке ҰОС ардагерлері, қалалық ардагерлер Кеңесі мен Павлодар қаласының тұрғындары шақырылды.