18 мамыр, 2011 жыл
Г.Н.Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде Түркістан қаласындағы "Әзірет сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайының "Тәуелсіздік және Түркістан тағылымы" атты көрмесінің ашылу рәсімі өтті.
Көрменің негізгі мақсаты: ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына арналады. Түркістан қаласының қазақ тарихында алатын орнын көрсетеді.
Көрмені тамашалауға келгендер XVII - XVIII ғғ. Хан ордасынан табылған археологиялық, нумизматикалық материалдар мен жазба мәдениеті, Әмір Темір дәуірінен сақталған XIVғ. тарихи жәдігерлер - Лауха, Тайқазан көшірмелері мен түпнұсқа шырағдандар, XIX ғасырдағы және Тәуелсіздік тұсындағы Түркістан қаласының көрінісін экспозициядан көре алады.
|