1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТСпен күрес күні. Осы күні музей Павлодар облыстық ЖИТСке қарсы және алдын алу орталығының мамандары және «Герлита» қоғамдық қорының волонтерлерімен «Жастар ЖИТСке қарсы!» сұрақ-жауап кешін ұйымдастырды. Іс-шара №13 орта мектепте өткізілді.
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күресу күні алғашқы рет 1988 жылы 1 желтоқсанда барлық елдердің денсаулық сақтау Министрліктерінің кездесуінде ВИЧ/ЖИТС бойынша ақпараттармен алмасуды кеңейту және әлеуметтік төзімділікке шақыратын үндеу айтылғаннан кейін атап өтілді. Жыл сайын 1 желтоқсанда атап өтілетін Дүниежүзілік ЖИТС-пен күресу күні әлемнің барлық аймақтарына таралып жатқан, ЖИТС және ВИЧ-инфекциясы пандемиясымен күресу бойынша ұйымдастырылған күштерді нығайту ісіне қызмет етеді.
Оқушылар іс-шараға белсене қатысып, қызықтырған сұрақтарына жауаптар алды.