Д.П.Багаев мұражай-үйінде алматылық фотосуретшілер В.Горбунов пен Л.Чернованың авторлық көрмесі ашылды. Көрмеде Қазақстан мен Ресейдің түрлі православтық храмдары бейнеленген 38 шығармашылық жұмыстары көрсетілген.
Виктор Горбунов екі қызметпен кәсіби айналысады: фотография және спорт. 1982 жылдан бастап фотографиямен айналысады. Көптеген халықаралық фотокөрмелердің қатысушысы. «Алматы сквозь сотни линз» фотоконкурсының гран-при иегері, «Фотография года», «Золотой объектив Алматы», «Экофото», «Мир и духовное согласие», «Люди и горы» фотоконкурстарының лауреаты.
Бірнеше фотоальбомдар құрастыруына қатысты. Көптеген алматылық журналдармен бірлесіп жұмыс істейді: «Афиша», «Элитный дом», «Дома и интерьеры», «Винтаж».
2009 жылдың 17 сәуірінде Д.Багаев мұражай-үйінде оның «Колейдоскоп» авторлық көрмесі өтті.
Лилия Чернова мамандығы бойынша инженер – экономист. 30 жылдан аса Алматыда тұрады. Туризммен айналысу оны фотографияға әкелді. Мәскеуде болып, ондағы православтық храмдар, шіркеулер, олардың архитектурасы мен қоңырау әуеніне таңырқанды. Осыдан «Золотые купола» көрмесінің идеясы пайда болды.