Д.П.Багаев атындағы мұражай-үйде Борис Захарович Краснянскийдің «Дорогие мои земляки» атты жеке көрмесі ашылды. Көрмеде 45 жұмыс көрсетілген.
Б.З.Краснянский Павлодар қаласының кәсіби фотографы.
Жасөспірім кезінде әкесінің досы сыйлаған фотоаппаратты қолына алған ол, әлі күнге дейін камераны әрдайым алып жүреді.
Борис Захарович Краснянский «Орион» фотоклубының мүшесі, Ресей фотосуретшілер Одағының мүшесі, «Темный фонтан» Франция фотографиялық Одағының құрметті мүшесі.
«Дорогие мои земляки» көрмесіндегі жұмыстармен автор келушілерді айналасындағы адамдармен, оларға деген қарым-қатынасымен, эмоцияларымен бөліседі: «Осы көрмемен жан дүниемді айқара ашамын. Менің әр тұлғаға деген қарым-қатынасым көрінеді. Олар тартымды және өзгеше».