«Каркара» - Пересветов Г.Ю – тің бірінші дербес көрмесіболып табылады. 2011жылдың қыркүйегінде «Павлодар - мой любимый город» атты көрме – сайысына қатысып, үшінші орынды иеленді.
Әрдайым археологиялық экспедицияларда болғандықтан, ол күннің шығуы мен батысын, көбелектің өмірге келуін, мәңгі өзен ағысын, жел қозғалысын байқаған... Осының бәрі археологтың құжаттық фотосуреттеріне жарқын мән қосқан еді.
2010 жылы археологиялық экспедицияның Павлодарлық бөлімшесі Шарын өзенінің Мойнақ ГЭС құрылыс аймағында ежелгі ескерткіштердің қазба жұмыстарын жүргізді. Жұмыстың негізгі бөлігі Қарқара (Жетісу) өзенінің жағасында өткізілді. Осы жазықтың атауы көрменің осылай аталуына тікелей себепші болды.