Музей «Қазақстан - Сібір 2011» Халықаралық көрмесі аясында Павлодар қаласында қолөнер шеберлері көрмесін ұйымдастырды.
«Қазақстан - Сібір 2011» Халықаралық көрмесі Сібір мен Қазақстанның экономикалық және ғылыми мүмкіндіктерін көрсетті.
Жәрмеңкеге «Шеберлер ауылы» Ассоциациясының мүшелері – Қазақстанның қолданбалы өнер шеберлері, РФ Алтай өңірінің халық шеберлері және Павлодар облысының қолөнер шеберлері қатысты.
Экспозицияның басты мақсаты тұрғындарды қазақ халқы материалдық мәдениетінің маңызды бөлігі – халық кәсібімен таныстыру; қазақ халқының этномәдени, рухани мәдениетін көрсету; қарама-қарсылықтың бірлігін көрсету: қала мен дала мәдениеті, өткен мен бүгін.