Приветствую Вас, Гость 05.08.2021, 21:40
Главная » Жаңалықтар
31 қаңтар, 2012 жыл

Әскери Даңқ музейінде «Павлодар және КСРО халықтарының депортациясы» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Біз Қазақстан Республикамыздың Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығын атап өткен болатынбыз. Жеткен жетістіктеріміздің бірі ретінде мемлекетіміздің ұлттық саясатын атап кетуге болады. КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстан жерінде көпұлтты халық құрамы қалыптасқан болатын. Қазақстанның, оның ішінде Павлодар облысының қайғылы да қиын кезеңдерінің бірі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы КСРО халықтарының депортациясы болып табылады. Бұл немістер, поляктар, шешендер мен ингуштар, корей халықтары және т.б. олардың көбі өздерінің тарихи Отандарына оралса да, кейбіреулері Тәуелсіз Қазақстан елін өзінің туған елі ретінде қабылдап, өз жерлерінде қалды. Олар бүгін мемлекетіміздің дамуы мен өркендеуіне өз үлестерін тигізуде.

Әскери Даңқ му ... Читать дальше »
Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 778 | Добавил: Museum_Pavlodar | Дата: 10.02.2012 | Комментарии (0)

18 қаңтар, 2012 жыл

Әскери Даңқ музейінің қабырғасында «Ленинград үшін шайқастың тарихи маңызы» атты тақырыптық кеш өткізілді. Бұл кеш Ленингард блокадасының аяқталуына байланысты ұйымдастырылды.

Блокада уақыты – қала тарихында, ел тарихында мәңгі есте сақталатын, тұрғындардың ерлігі сипатталатын ұмытылмайтын тарихи парақтың бір бөлігі. Блокаданың басталу кезі 1941 жылдың 8 қыркүйегі болып саналады. Осы уақытта қаланың елмен деген қатынасы үзіледі. 1942 жыл ішінде Ленинград блокадасын аяқтау үшін 5 рет шайқастар ұйымдастырылды, бірақ өкінішке орай олар сәтсіз аяқталып отырды. 14 қаңтарда Красносельско – Ропшинск операциясы басталды, нәтижесінде 27 қаңтарда 1944 жылы Ленинград блокадасы толығымен шешілді. Қарулы шайқастың нәтижесінде жаулар Ленинград қаласынан 60-100 км шегеріліп, 872 күннен кейін блокада аяқталды.

Тақырыптық к ... Читать дальше »
Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 1721 | Добавил: Museum_Pavlodar | Дата: 01.02.2012 | Комментарии (0)

27 желтоқсан, 2011 жыл

Г.Н.Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі жаңартылған экспозициясының салтанатты ашылуы өтті. Бұл мәдениет саласында ғана емес, жалпы біздің облыс тарихындағы айтулы оқиға.

Жаңа экспозиция, бұл - музей қызметкерлері, музейтанушылар, тарихшылар және дизайнерлердің бірлескен жұмыстарының нәтижесі. Шығармашылық топтың жұмысында экспозициялық-көрмелік кеңістікке инновациялық тұрғада, қазіргі заманға сай музейлік, ақпараттық, дизайнерлік технологияларды қолданумен «жаңа ұрпақтың жанды интерактивті музейінің» өзіндік образы жасалды.

Экспозициялық шешімнің негізіне келушіге эмоционалды әсер ететін кешенді-тақырыптық принцип және музейлік-образдық әдіс салынған. Түс, жарық және визуалды бейнелер маңызды роль атқарады. Сонымен қатар экспозиция тақырыбының мазмұнын ашуға көмектесетін диорамалар және мак ... Читать дальше »
Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 728 | Добавил: Museum_Pavlodar | Дата: 26.12.2011 | Комментарии (0)

6 желтоқсан, 2011 жыл

Мира, 40/1, мекен-жайы бойынша Әскери Даңқ Музейі экспозициясының ашылуы өтті.

Осы ғимарат 1923 жылы күту залы ретінде салынған болатын.1926 жылдан бастап теміржол қызметкер мен жұмыскерлердің балаларына арналған мектеп-интернаты орналасқан. Әр жылдары осында № 188 теміржол мектебі, № 108 мектеп орналасқан.1976 жылдан бастап Ильич аудандық пионерлер Үйі орналасқан, 1980 жылдан ұстаздар және оқушылардың Даңқ музейі жұмыс істеген.

Экспозициялық залда ҰОС павлодарлықтардың қатысуы, павлодарлықтардың Жеңіске қосқан үлесі жайлы айтатын облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорындағы мұрағаттық материалдар, ҰОС қатысқан павлодарлықтардың жеке заттары, құжаттар, фотосуреттер, плакаттар, қару-жарақ үлгілері қойылған.

Музей экспозициясының ашылуында ҰОС ардагарлері, өлк ... Читать дальше »
Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 684 | Добавил: Museum_Pavlodar | Дата: 07.12.2011 | Комментарии (0)

1 желтоқсан, 2011 жыл

1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТСпен күрес күні. Осы күні музей Павлодар облыстық ЖИТСке қарсы және алдын алу орталығының мамандары және «Герлита» қоғамдық қорының волонтерлерімен «Жастар ЖИТСке қарсы!» сұрақ-жауап кешін ұйымдастырды. Іс-шара №13 орта мектепте өткізілді.

Дүниежүзілік ЖИТС-пен күресу күні алғашқы рет 1988 жылы 1 желтоқсанда барлық елдердің денсаулық сақтау Министрліктерінің кездесуінде ВИЧ/ЖИТС бойынша ақпараттармен алмасуды кеңейту және әлеуметтік төзімділікке шақыратын үндеу айтылғаннан кейін атап өтілді. Жыл сайын 1 желтоқсанда атап өтілетін Дүниежүзілік ЖИТС-пен күресу күні әлемнің барлық аймақтарына таралып жатқан, ЖИТС және ВИЧ-инфекциясы пандемиясымен күресу бойынша ұйымдастырылған күштерді нығайту ісіне қызмет етеді.

Оқушылар іс-шараға белсене қатысып, қызықтырған сұрақтарына жауаптар ... Читать дальше »
Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 1145 | Добавил: Museum_Pavlodar | Дата: 07.12.2011 | Комментарии (0)

25-26 қазан, 2011 жыл

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 – жылдығы аясында Астана қаласында Павлодар облысы күндері өтті. Астана қалалық әкімдігі алдындағы орталық алаңда «Кереку – Баянауыл жәрмеңкесі» атты ауылшаруашылық жәрмеңкесі жұмысы ұйымдастырылды. Г.Н.Потанин атындағы облыстық тарихи - өлкетану музейі «Ұлттық өнер», «Дәстүр», «Ғасырлар үні», «Айтыс», «Саятшылық» тақырыбы бойынша киіз үйлерді безендірді. Музей қорынан қойылған экспонаттар киіз үйлердің ішкі көрінісіне қайталанбас өзіндік ерекше өң беріп тұрды. Ұлттық өнер киіз үйінің ішіне музей қорындағы шеберлердің жұмыстары қойылды. Ұлттық қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесі Астана қаласы тұрғындары мен қонақтарының қызығушылығын туғызды.

Бейбітшілік және Келісім сарайында Павлодар облысының тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктерін көрсететін көрме ұйымдастырылды, онда әлеуметтік және мәдени салалардағы об ... Читать дальше »
Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 598 | Добавил: Museum_Pavlodar | Дата: 02.11.2011 | Комментарии (0)

22 қазан, 2011 жыл

Д.П.Багаев атындағы мұражай-үйде Борис Захарович Краснянскийдің «Дорогие мои земляки» атты жеке көрмесі ашылды. Көрмеде 45 жұмыс көрсетілген.

Б.З.Краснянский Павлодар қаласының кәсіби фотографы. Жасөспірім кезінде әкесінің досы сыйлаған фотоаппаратты қолына алған ол, әлі күнге дейін камераны әрдайым алып жүреді.

Борис Захарович Краснянский «Орион» фотоклубының мүшесі, Ресей фотосуретшілер Одағының мүшесі, «Темный фонтан» Франция фотографиялық Одағының құрметті мүшесі.

«Дорогие мои земляки» көрмесіндегі жұмыстармен автор келушілерді айналасындағы адамдармен, оларға деген қарым-қатынасымен, эмоцияларымен бөліседі: «Осы көрмемен жан дүниемді айқара ашамын. Менің әр тұлғаға деген қарым-қатынасым көрінеді. Олар тартымды және өзгеше».
Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 543 | Добавил: Museum_Pavlodar | Дата: 31.10.2011 | Комментарии (0)

20 қазан, 2011 жыл

Майра Шамсутдинова атындағы ән өнері мұражайында «Туған елім - Қазақстаным!» атты балалар шығармашылық жұмыстарының көрмесі ашылды. Көрмеде «Облыстық мүмкіндіктері шектеулі балаларды оңалту орталығы» ММ балалары табиғи материалдан, қағаздан, қыштан жасаған заттары көрсетілген.
Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 1162 | Добавил: Museum_Pavlodar | Дата: 31.10.2011 | Комментарии (2)

28-29 қыркүйек, 2011 жыл

Музей «Қазақстан - Сібір 2011» Халықаралық көрмесі аясында Павлодар қаласында қолөнер шеберлері көрмесін ұйымдастырды.

«Қазақстан - Сібір 2011» Халықаралық көрмесі Сібір мен Қазақстанның экономикалық және ғылыми мүмкіндіктерін көрсетті.

Жәрмеңкеге «Шеберлер ауылы» Ассоциациясының мүшелері – Қазақстанның қолданбалы өнер шеберлері, РФ Алтай өңірінің халық шеберлері және Павлодар облысының қолөнер шеберлері қатысты.

Экспозицияның басты мақсаты тұрғындарды қазақ халқы материалдық мәдениетінің маңызды бөлігі – халық кәсібімен таныстыру; қазақ халқының этномәдени, рухани мәдениетін көрсету; қарама-қарсылықтың бірлігін көрсету: қала мен дала мәдениеті, өткен мен бүгін.

Киіз үй кешендерінде көшпелілердің тұрмысы көрсет ... Читать дальше »
Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 510 | Добавил: Museum_Pavlodar | Дата: 21.10.2011 | Комментарии (0)

12 қыркүйек, 2011 жыл

Д.П.Багаев мұражай-үйінде Владимир және Валерия Высоцкилердің «Смена» атты фотокөрмесі ашылды. Көрмеде 50 шығармашылық жұмыстар көрсетілген: Владимирдің 70-80 жж. түсірген суреттері мен Валерияның 25 түсті фотографиялары.

Владимир Викторович Высоцкий Павлодар облысы Екібастұз қаласында 1958 жылы дүниеге келді. Мектепті бітіргеннен кейін Павлодар индустриалдық институтына «инженер-құрылысшы» мамандығына түсті. Институттан кейін мамандығы бойынша жоба институты мен құрылыс мекемесінде жұмыс істеді. Ильичевск ауданында Пионерлер үйінде, Индустриалдық ауданның Пионерлер үйінде, басқа да мекемелерде басшылық қызметте болды. Педагогикалық стажы 12 жыл. 1982-1984 жж. «Орино» халықтық фотоклубында басшы болды. «Саяхат» ПК төрағасы. «Квадрат Высоцкого» шығармашылық тобының жетекшісі. Республикалық және Бүкілодақтық көрмелердің қатысушысы.

... Читать дальше »

Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 639 | Добавил: Museum_Pavlodar | Дата: 15.09.2011 | Комментарии (0)

« 1 2 3 4 5 »
Copyright by SW, Бесплатный хостинг uCoz