Приветствую Вас, Гость 05.08.2021, 21:27
Главная » Жаңалықтар
22 шілде, 2011 жыл

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде Кеңес Одағының Батыры Сұрағанов Құдайберген Мағзұмұлының 90-жылдығына арналған көрменің ашылуы болды.

Павлодар педучилищесінің түлегі Құдайберген Мағзұмұлының жауынгерлік жолы Сталинградтан Берлинге дейін.

Әскери борышын өтеуге соғысқа дейін шақырылған кіші лейтенант Құдайберген Мағзұмұлы фронтқа 1942 жылы келді. Сталинград үшін шайқаста жараланғанына қарамастан, көп ұзамай бөлімшесіне оралды.

Жеңіспен үйіне оралған Құдайберген уақытын бос өткізбей жоғары педагогикалық білім алды, кандидаттық диссертацияны қорғап, көптеген жылдар республикамызға педагогикалық кадрлар дайындады.

Жерлесіміз- батырдың бейнесін жас ұрпақ жадында сақтау біздің міндетіміз. Осы мақсатпен Қ.М.Сұрағановтың ... Читать дальше »
Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 1004 | Добавил: Museum_Pavlodar | Дата: 21.07.2011 | Комментарии (0)

14 шілде, 2011 жыл

Д.П.Багаев мұражай-үйінде алматылық фотосуретшілер В.Горбунов пен Л.Чернованың авторлық көрмесі ашылды. Көрмеде Қазақстан мен Ресейдің түрлі православтық храмдары бейнеленген 38 шығармашылық жұмыстары көрсетілген.

Виктор Горбунов екі қызметпен кәсіби айналысады: фотография және спорт. 1982 жылдан бастап фотографиямен айналысады. Көптеген халықаралық фотокөрмелердің қатысушысы. «Алматы сквозь сотни линз» фотоконкурсының гран-при иегері, «Фотография года», «Золотой объектив Алматы», «Экофото», «Мир и духовное согласие», «Люди и горы» фотоконкурстарының лауреаты.

Бірнеше фотоальбомдар құрастыруына қатысты. Көптеген алматылық журналдармен бірлесіп жұмыс істейді: «Афиша», «Элитный дом», «Дома и интерьеры», «Винтаж».

2009 жылдың 17 сәуірінде Д.Багаев мұражай-үйінде оны ... Читать дальше »
Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 503 | Добавил: Museum_Pavlodar | Дата: 21.07.2011 | Комментарии (0)

30 маусым, 2011 жыл

Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі Ленин көшесі, 149 үйде орналасқан музей экспозициясын құрудың шығармашылық концепциясын ашатын, сонымен бірге Мир көшесі, 40 үйдегі Жауынгерлік Даңқ музейі экспозициясын құрудың үздік дизайн-жобасына байқау жариялайды.

Байқау бір кезеңде жүргізіледі.

Байқауға материалдар тапсырудың нақты мерзімі – 3 жұмыс күні, хабарландыру басылымға шыққан күннен бастап.

Байқаудың қорытындысын шығару байқау аяқталғаннан кейінгі келесі 3 күнде өтеді.

Байқау материалдары альбомда (А-3 өлшемде) және түрлі-түсті форматта 3D – кескінде (үшөлшемді кескін) ұсынылуы керек.

Жоба мына мекенжайға тапсырылады: Павлодар қ., Ленин көшесі ... Читать дальше »
Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 559 | Добавил: Museum_Pavlodar | Дата: 30.06.2011 | Комментарии (0)

22 маусым, 2011 жыл

Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі Павлодар облысы мұрағаттар басқармасымен бірлесіп Әскери Даңқ музейінде «Трагедия. Героизм. Память.» дөңгелек үстелін өткізеді. Іс-шра Ұлы Отан соғысы басталуының 70 жылдығына арналады.

Дөңгелек үстелге ҰОС ардагерлері, өлкетанушылар, тарихшылар, студенттер, Павлодарлық «Майдан жолы» іздестіру отрядының мүшелері қатысады.
Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 549 | Добавил: Museum_Pavlodar | Дата: 21.06.2011 | Комментарии (0)

17 маусым, 2011 жыл

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде Павлодар облысы музейлер қоры көрмесінің ашылуы өтті. Көрмені Тұңғыш Президент Музейі «Алға ұмтылған Қазақстан!» атты аймақтық жоба аясында ұйымдастырып отыр. Көрме ҚР 20- жылдық мерейтойына арналады.

Жобаның мақсаты көпшілікті Павлодар облысының құрылуы, даму тарихымен және Павлодар облысы музейлерінің заттық және фото- құжаттық қорын көрсету арқылы өлкенің мәдениетімен таныстыру. Көрмеде Ертістің Павлодар өңірі тарихының есте қаларлық оқиғалары және жарқын беттері көрсетіледі.

Көрмеге келушілер өлкенің өткен тарихымен, Павлодар облысының белгілі ғылым, мәдениет, әдебиет және өнер қайраткерлерімен танысады. Көрме 3 бөлімнен құралады:

1.Ертістің Павлодар өңірінің тарихы. (өлкенің ежелгі тарихы, көшпенділер мәде ... Читать дальше »
Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 1456 | Добавил: Museum_Pavlodar | Дата: 15.06.2011 | Комментарии (0)

1 маусым, 2011 жыл

Үшінші жыл қатарынан Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі мен «Қазақстан электролиз зауыты» бастауымен Ұлы Отан соғысы майданы жерлеріне іздестіру отрядтары баруда.

2011 жылдың 18 мамырында Ресей Федерациясы Псков облысы Новосокольнический районына Павлодардан «Майдан жолы» іздестіру отряды патриоттық миссиямен аттанды. Отряд құрамында музейміздің қызметкерлері - Рахимов Е.О. и Сероус И. А. Болды.

Экспедицияның мақсаты – майдан алаңында қаза тапқан жауынгерлердің есімдерін қалпына келтіру. Туыс-туғандарына жауынгерлердің қаза тапқан жерлерінен ақпарат беру. Ресейлік «Поиск» отрядымен бірлесе 194 адам мүрдесі табылып, қайта жерленді. Өкінішке орай барлық жауынгерлердің есімдері белгісіз қалды. Біреуінің ғана есімі анықталды, ол – пулеметчик Шулятин Петр Степанович. Жерлеу кезінде мұсылман және христиан қ ... Читать дальше »
Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 994 | Добавил: Museum_Pavlodar | Дата: 10.06.2011 | Комментарии (0)

1 маусым, 2011 жыл

Д.Багаев мұражай-үйінде келесі тақырыптарға шебер фотографиялары коллекцияларының көрмесі өтуде

- "ХХ ғасыр басындағы қазақ халқының өмірі мен тұрмысы" (№1 зал)

- "Д.Багаев фотографияларындағы балалар". Балаларды қорғау күніне және оқушылардың жазғы демалысына арналған (№2 зал)

- "Қызының мұрағатынан" (№3 зал)
Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 590 | Добавил: Museum_Pavlodar | Дата: 08.06.2011 | Комментарии (0)

31 мамыр, 2011 жыл

Г.Н.Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Ақталған есімдер» атты ауызша журнал өткізілді.

Еске алу кешіне қуғын-сүргін құрбандардың ұрпақтары мен туыстары,тарихшылар, студенттер, БАҚ өкілдері қатысады.

1937-38 жылдары - Павлодар Ертіс өңірінде бұрыңғы бүкіл Кеңес Одағындай тұлғаларға қарсы негізсіз жаппай қуғын-сүргіндердің өрлеу кезеңі болды.

Жаңадан қаралған істер, қуғын-сүргін құрбандардың тағдыры шығармалар мен мақалалардың негізі болып, «Азалы кітап. Атылғандардың тізімдері» «ГУЛАГ жолдарымен», «Қазақстандағы саяси қуғы ... Читать дальше »
Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 1232 | Добавил: Museum_Pavlodar | Дата: 01.06.2011 | Комментарии (0)

Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі Павлодар облысының тарихын жан-жақты ашатын логотипке конкурс жариялайды.

Павлодар облысының логотипіне конкурстың

ЕРЕЖЕСІ

I. Жалпы ереже

Павлодар облысының логотипіне облыстық конкурс ҚР Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналады.

Конкурсты ұйымдастырушылар:

- Павлодар облысының мәдениет басқармасы;

- Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі.

ІІ. Өткізу ... Читать дальше »
Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 713 | Добавил: Museum_Pavlodar | Дата: 26.05.2011 | Комментарии (0)

18 мамыр, 2011 жыл

Г.Н.Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде Түркістан қаласындағы "Әзірет сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайының "Тәуелсіздік және Түркістан тағылымы" атты көрмесінің ашылу рәсімі өтті.

Көрменің негізгі мақсаты: ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына арналады. Түркістан қаласының қазақ тарихында алатын орнын көрсетеді.

Көрмені тамашалауға келгендер XVII - XVIII ғғ. Хан ордасынан табылған археологиялық, нумизматикалық материалдар мен жазба мәдениеті, Әмір Темір дәуірінен сақталған XIVғ. тарихи жәдігерлер - Лауха, Тайқазан көшірмелері мен түпнұсқа шырағдандар, XIX ғасырдағы және Тәуелсіздік тұсындағы Түркістан қаласының көрінісін экспозициядан көре алады. ... Читать дальше »
Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 657 | Добавил: Museum_Pavlodar | Дата: 17.05.2011 | Комментарии (0)

« 1 2 3 4 5 »
Copyright by SW, Бесплатный хостинг uCoz